Облыс орталығында «БИБІ-АНА» атты мүгедек әйелдер қоғамы он шақты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған сексенге жуық нәзік жан осы үкіметтік емес ұйымның көмегіне жүгінуде. Төрт қабырғаға телмірген олар аталмыш қоғамның арқасында жаңа қарым-қатынас ортасын тапты.
Қоғамның негізі Алматы қаласында 1992 жылы қаланған. Дәлірек айтсақ, Бибігүл Иманғазина есімді жазушы, тағдырдың кермек дәмін татқан өзі сияқты мүгедек жандардың басын қосып, республикалық қоғам құрады. Алғашында ол жәрдемін мүгедөк әйелдерді азын-аулақ азық-түлікпен қамтамасыз етудөн бастайды. Демеушілер іздеп, қайырымды жандарды табуға тырысады. Жанындағы жаралы жандарға бей-жай қарамайтын мейірімді адамдар табылды. Біртіндеп көмек ауқымы ұлғая түседі. Сөйтіп Бибігүл апамыз әйелдердің алғысына бөленеді.
Араға екі жыл салып, ол еліміздің әр аймағында қоғам бөлімшелерін ашуды ұйғарады. Солардың бірі - «БИБІ-АНА» мүгедек әйелдер республикалық қоғамының Павлодар облыстық филиалы. Оның іргетасы қаланған кезде істің басы-қасында Г. Беспалая және Айман Сманқызы есімді жандар болады. Галия Беспалая арбаға таңылған бірінші топ мүгедегі болса да, өзгеге қол ұшын беру мақсатында тер төгеді. Филиалдың қазіргі төрағасы Нағима Бағирова 2002 жылдан бастап мүгедек көршісіне заңдық тұрғыдан көмек көрсетіп, оның өтініш-тілектерін тиісті органдарға жеткізумен айналысады. Сөйтіп осы қоғамға келеді. Содан бері қоғамның іс-шараларына белсене қатысады. Ол - өмір бойы құқық қорғау саласында еңбек еткен, қазір отставкадағы майор...
... Содан болар, көмекке мұқтаж жандардың жағдайын ойлау әдеті қалыптасып кетті. Қызметтен кетсем де осы салаға қайта оралдым. Себебі жаныма жақын» дегенді айтады Нағима Нақыпқызы.
Қоғам тоқсаныншы жылдары құрылғанымөн, ағымдағы жылға дейін ешбір кеңсесі болмаған. Қайырымдылық шараларын әр үйдің ауласында өткізуге мәжбүр болған. Биыл сәуір айында облыс әкімінің орынбасары Рысты Жумабекованың қолдауымөн жеке кеңсе бөлінді. Аумағы тар болғанымен, қоғам мүшелері жоқтың қасында бұған да тәуба дейді. Себебі олар енді мереке сайын кішігірім концерт ұйымдастырып, көңіл көтөруге мүмкіндік алды.
- Кеңсе ашылғаннан бері мүгедек әйелдер қауымы бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өмірге жаңа келгендей кейіпке енді. Бұл - қоғам жұмысының ең басты жемісі. Себебі олар өзара шүйіркелесіп, жан дүниелерімен бөлісуді қалайды. Үй- үйде қаңтарылып отырғаннан гөрі өзге бір ортада болуды аңсайды. Бүгінде әйелдер сәнденіп, қоғам кеңсесіне келуге асығады. Бір сөзбен айтқанда, тағдырына өкпелеп, өмірдөн түңіліп кеткендер жасарып, ризашылықтарын білдіруде. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, алайда оны жүздерінен байқауға болады, - дейді Н.Багирова.
Мұндағы әйелдердің. жас ерекшеліктері 18 бен 60 жас аралығында. Көбі - сүйеніш қозғалтқыштарына тәуелді...
.... балаларына қарайласуды да назардан тыс қалдырмайтын көрінеді. Мәселен, кәмелет жасына толмаған 37 жеткіншек қоғам қарамағында. Облыстық қоғам төрағасының айтуынша, кейбір мүгедөк аналардың балалары анасынан ұялып, өз қатарластарынан оқшауланатын көрінеді. Ал жеткіншектер анасымен бірге қоғамға келгенде мұндағы өзге де жандарды көріп, тәубаларына келеді, дейді Н.Багирова. Содан кейін оның анасына деген көзқарасы, қарым-қатынасы өзгереді екен,
Аталмыш үкіметтік емес ұйымда игі істер баршылық. Мәселен, үшінші топтағы 5 мүгедек әйел жұмыспен қамту орталығы арқылы күнделікті нәпақасын тауып отыр. Яғни олар мемлекеттік бағдарлама аясында біріншіі топ мүгедектеріне көмек көрсетеді, қоғам кеңсесінде тазалық жұмыстарын жүргізеді дегендей. Оларға айына 13 мыңнан астам теңге төленеді. Қоғам мұнымен де шектелмейді. Олар жұрттан көмөк сұрай бермей, өздері де қолдан келетін істерге кірісуді жөн көрген. Алдағы уақытта олар бөстек, төсеніш, қоржын сияқты қолөңер туындыларын тігуді қолға алмақ. Бұл - екіжақты тиімді іс, дейді олар.. Себебі бастама бір жағынан қоғам мүшелеріне қаржылық тұрғыдан кіріс әкелсө, екінші жағынан ұлттық құндылықтарды жандандыруға септігін тигізеді. Жобаны «Өмір сүруге жәрдемдесер шығармашылық» деп атапты...
... Алматыдағы»БИБІ-АНА» қоғамның президенті Бибігүл Иманғазина мүгедек әйелдердің балаларын жоғары оқу орындарында тегін оқумен қамтамасыз етіп келеді.Бүгінде аймағымызда осыған үміткерлер тізімі әзірленуде. Бұл орайда Н.Багирова облыс орталығындағы бірқатар орта және кәсіби білім беру мекемелеріне алғысын білдіретіндерін жеткізеді. Себебі бүгінгі таңда алты жеткіншөк елу пайыздық жеңілдікпен білім алуда. Ал Бекзат Азатов есімді бала П.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледж жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында 7 сыныпта тегін оқып жатыр. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменті, білім беру басқармасы барынша қолғабыс көрсетеді. Бір бүлдіршін биыл: «Бөбек» республикалық лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болған. Әйелдер спорт пен өнерден де кенде емес. Оны әйелдер республикалық деңгейде дәлелдеп келеді. Мысалы, Құралай Дайырханова шаңғы теуіп, суда жүзудөн республикалық стйысгарда бірнеше peт жеңімпаз атанған. Өзі – 1-топ мүгедегі. Ал Толқын Сыздықова аяғынан ақсап жүрсе де, сахнаға шығып, ән салудан тайсалмайды. Ол облыстық және республикалық деңгейдегі мәдени шараларда көрермендер ықыласына бөленуде.
Жарымжан жандарға көмек қолын созудан тартынбаған бірқатар кәсіпорындар мен сауда нүктелері де бар. Атап өтер болсақ, «Нұрқай ...
... «Электролиз заводы» АҚ-тары еңбек. Олар мүгедек жандардың балаларына компьютер сыйлауды уәдө еткен. Мүгедек жандар Павлодар аудандық әкімдігіне дән риза. Себебі бұл аудан қоғам мүшелерін көкөніспен қамтамасыз етуде белсенділік танытуда. Мәселен, Черноярка ауылындағы көкөніс өсірушілердің әр бригадасы әртүрін мүгедек жандарға сыйға тартуда. «Айналайын» қоғамдық қоры да қол ұшын беруге құштар көрінеді. Мереке сайын балаларға базарлық сыйлайды. Сонымен қатар диагностикалық орталық 15 әйелге тегін диагностика жасаған. Ал қаңырап тұрған кеңсені қалпына келтіруде Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының ұжымы ағаш ұстасын жіберіп жаңа қазақи оюмен өрнектелген заманауи есік орнатып берді. Н.Багирова осының барлығы жаны жаралы жандардың дертіне дауа, өздеріне медеу екенін айтады. Енді олар жаңа жобаның нәтижесінде туындағын қолөнер бұйымдарын алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өтетін арнайы жәрмеңкеде сатып, түскен қаржымен кәсіптерін кеңейтуді көздеп отыр. Олар осындай қоғамның барын білмейтін өзге де мүгедек әйелдерге есік ашық екенін айтады.
Облыстық қоғам төрайымы көмек сұрап қол созудың өзі ыңғайсыз, бірақ мәжбүр екендерін жеткізеді. Қолғабыс жасауға ынталылар да жоқ емес. Дегенмен, көптің көмепне мұқтаж жандарға әлі де болса жанашырлық қажет. Ал қайырымдылық істің сауабы молынан болары хақ. Ендеше мүгедек жандарға жәрдемдесер ағайынның қатары арта берсін демекпіз.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.