“Мүгедек аналардың “БИБІ-АНА” атты республикалық қоғамының президенті Бибігүл Қабиқызы Иманғазина ханымды жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол, аса қайырымды жан деп естідік. Ата-анасы жарымжан, тұрмысы төмен балалардың жоғарғы оку орындарында жеңілдікпен оқып, білім алуларына көмектесіп жатқан көрінеді. Жақсылығы бір Алладан қайтсын! Сүйікті газетіміз “Ақмешіт апталығы” арқылы сол кісімсн жақынырақ таныссақ деп едік. Бәлкім, біздің балаларымызға да шарапаты тиіп қалар...”.
Редакциямызға түсіп жатқан осы мазмұндас хаттарға толығырақ жауап беру үшін аталмыш “БИБІ-АНА” қоғамының облыстық филиалының төрайымы Роза ЕРМЕКҚАРАЕВАНЬІ әңгімеге тартқан едік.
– Әңгімемізді Бибігүл Қабиқызының осы күнгі атқарып жатқан қайырымдылық қызметінен бастасақ деймін.
– Ең алдымен ол-кісі жайлы бірер дерек келтіре кетейін, Бибігүл Қабиқызы өзімізбен көршілес жатқан Актөбе өңірінің қызы. Қоғам қайраткері. Жазушы. Соңғы оншақты жылдан бері Алматы каласы, Абай даң ғылының бойына орналаскан “БИБІ-АНА" атты республикалық қоғамға жетекшілік етіп, мүгедек аналардың алғысына бөленіп келе жатқан ардақты ана. Бибігүл апа өмірімен тереңірек танысамын деушілерге ол кісінің қарымды қаламынан туындаған “Тауқымет” атты романын оқып шығуды ұсынар едім. Бұл кітапта ұзақ жылдар бойы аурудың ауыр азабын тартса да, тағдыр тауқыметіне мойын ұсынбай, табиғатына біткен тас-түйін табандылығымен сырқатты жеңіп шыққан рухы мықты жанның жарқын бейнесі әдемі сомдалған. Сондай-ақ Бибі-Ана анмыздың сүттей ұйыған отбасы, алтын асықтай ұл-қыздары жайлы да айта кетелік. Ұзақ жылдар бойы төсек тұтқыны болып жатса да отау құрып, өмірге ұрпақ келтіруді армандаған асыл апамыздың арманын Алла тағала қабыл алған сынайлы. Аспан есімді ұлы білікті дәрігер, негізгі жұмысымен қатар ғылыми ізденістермен шұғылданып жүр. Ал, Ләйлім есімді қызы Мәскеудегі ГИТИС-ті үздік бағамен тәмамдаған талантты жас. Қазіргі таңда Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында режиссер болып қызмет атқарады. Өткен жылы Түркияға “Кармен” қойылымын апарып, қандас халықтың шынайы алғысына бөленіп қайтқан өнер шебері. Биыл сүйікті анасының 60 жылдық мерейтойына “Ер Тарғынды” сахнаға шығарып, анасын да, көрермендерді де бір көтеріп тастағанға ұқсайды.
– Республикалық қоғамның енді өзіңіз басқарып отырған облыстық филиалының атқарып жатқан игі жұмыстарына да тоқтала кетсеңіз.
– Экологиялық ахуалымыздың ауырлығынан туындап жатқан түрлі кеселдер мен тұрмысымыздың төмендігі аналардың денсаулығына да көп залал келтіріп жатқаны ақиқат. Осының салдарынан жас болса да еңбек ету қабілетінен ерте айырылып, мүгедек болып қалған жандар да аз емес. Бүгінгі күні біздің есебімізде сондай мүгедек аналардын 4800-і тіркеуде тұр. Бұлар негізінен бала-шағалы аналар. Барлығы да ұл-қыздарын оқытқысы, әрқайсысына мамандық алып бергілері келеді. Заңды ұмтылыс. Бірақ “жоқтық жомарт ердің қолын байлайды” дегендей балаларын жоғарғы оқу орындарында оқытуға олардың тұрмысы да, шипасы да көтере бермейді. Сондықтан, бізге келіп, көмек сұрайды. Ал, біз болсақ мүмкіндігіміздің келгенінше көмек көрсегуге ұмтыламыз. Әрине, бұл ретте Бибі-Ана анамыздың жоғарғы басшылар мен ел-халықтың алдындағы абырой-беделінің жоғары екенін айта кетуіміз керек. Тек Бибі-Ана анамыздың қамқорлығымен бұл күндері республика бойынша әлгіндей отбасыларынан 320 студент білім нәрімен сусындауда. Мұның 58-і қызылордалық жасөспірімдер. Бұлардын 8-і оқу бітіріп, диплом алып шықты. Оларды жеңілдікпен оқыту, бұл іске демеушілерді тарту, грант пен несиенің үлес салмағын арттыру дейсіз бе, әйтеуір, қоғам атқарып жатқан қайырымдылық шаралары аз емес. Осындай мейірім шуағына бөленген жастарымыз облыс көлемінде де көп-ақ. Аралдық Жанар Орынбасарованың ата-анасы мүгедек, тұрмысы ауыр жандар, Мектепті үздік аяқтаса да, 2 жыл бойы жоғарғы оқу орнына түсе алмаған. Бибі-Ана анамыздың тікелей араласуымен халық шаруашылығы институтына қабылданып, қазір III-курста оқып жүр.
Өзіміздің Қорқыт ата упиверситетінен 4 студент диплом алып шықты. I крустың 8 студентіне 50 пайыздық жеңілдік берілді. Бірнешелеген студент мемлекеттік несие мен грантқа көшірілді. Мұндай мысалдар толып жатыр.
– Жетім-жесір мен кедей-кепшікке қамқорлық жасағандарға Алланың нұры жауатын көрінеді ғой. Мұндай жандар біздің арамызда да аз емес шығар. Солардың да есімдерін атап кетсек қайтеді?
– Әлбетте. “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын” дейді ғой халық даналығы. Сол айтқандай әлгіндей балаларға қол ұшын беріп, қаржылай да, рухани да көмек көрсетіп жатқан азаматтарымыз баршылық. Ең алдымен мен Қоркыт ата университетінің ректоры, белгілі ғалым Қылышбек Алдабергенұлы Бисенов мырзаның есімін атар едім, Ол кісі әзірге біздің бірде бір өтінішімізді назардан тыс қалдырған емес.
Сондай-ақ “Энергия” акционерлік қоғамы (А.Көшербаев), “Торғай Петролиум” (А.Айдарбаев), “Казгермұнай” (Арнольд Валь), КРЭК АК (Ж.Көшербаев), “Жанрос” (А.Мылтықбаев), ЖШС “Бастау” (Ыбыраев), облыс әкімі жанындағы кедейшілікпен күрес орталығы (Д.Бектаева) көп көмек көрсетуде. Бұл кісілерге мүгедек аналардың да, олардың оқып жатқан балаларының да айтар алғысында шек жоқ.
– Қызмет орындарыңыз наркологиялық диспансердің ғимаратында орналасқан екен. Қолайсыз емес пе? Бүгінгі жүздесуімізді пайдалана отырып, тағы қандай ұсыныс-пікір айтасыз?
– Филиалымыздың жұмыс істей бастағанына небәрі 5 жыл ғана болды. Атқарылмай, үлгіре алмай жатқан шаруаларымыз көп-ақ. Мүгедек аналар мен жарымжан балалардың тағдырына жергілікті басшылар да ерекше көңіл бөліп отырулары тиіс. Олар дәл қазір қаржылай да, рухани да қолдауға өте зәру болып отыр. Сосынғы бір тілек – мүгедек аналарымыздың және балаларымыздың арасында он саусағынан өнері тамған шеберлер аз емес. Соларды пайдалы еңбекке тартып, шектеулі жұмыс істеуін қамтамасыз етуте жағдай жасалса. Олар үшін еңбек етудің өзі керемет қуаныш қой. Әрі материалдық жағдайы да түзелер еді. Қысқасы, бұл орайда ойланарлық та, іске асырарлық та шаруалардың аз болмай түрғаны ақиқат. Әзірге тіркеуге алынған 5 мыңға жуық мүгедек жандар бізден осындай жанашырлық пен қамқорлықты күтіп отыр.Әрине,шүкірлік етеміз,мына аласапыран заманда Бибі-Ана анамыздай адамды Бізге Алла жіберіп отыр.
4 шілде, 2003 ж.
«Ақмешіт апталығы»
Ахат ЖАНАЕВ.