«ТАУҚЫМЕТТІҢ ЖАЛҒАСЫН КҮТІП ЖҮРМІН»...

Құрметті Бибігүл Қабиқызы!

Бұл күндері Сіздің қаламыңыздан туған “Тауқымет” кітабы мен үшін өзімнің “Конституциям” сияқты көрінеді. Қолымда 1990 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Тауқыметтің” жұқалау кітабы болса, 1995 жылы қайта өңделіп, сол баспадан толықтырылып шығарылған қалыңдау кітабыңыз.

“Айтарым көп сияқты еді, қалғанын кездескенде айтармыз, осы хатты оқып шыққаннан кейін “Содан не айтқысы келеді” деп ойланарсыз. «Білмеймін, менімше адамдар телефонмен немесе бетпе-бет кездескенде айта алмайтынын хат арқылы жақсы жеткізетін сияқты» деп жазылыпты кітабыңызда. Мен де осы қағиданы ұстана отырып, хат жазуға бекіндім. Өйткені ойыңдағыны асықпай отырып, қағаз бетіне әдемілеп түсіресің. Неге екенін білмеймін, осы кітапты оқыған сайын менің бойымда бір күш пайда болатын сияқты.“Тоқталма, жігерлен, аянба” деп, жан-жақтан рух беріп тұрған сияқтанады. Газет бетіне материал жазсам мен де кейіпкерімді “Маржан” деп алатын болдым. Білмеймін, мүмкін сізге еліктеген шығармын. Ол жағын саралай алмаймын. “Үміт соңында өледі” дейді. Қазір өз-өзіне қол жұмсап жатқандар қаншама.

Әрине көпшілігі жастар. Олар өмірге деген қызығушылығын жоғалтып осындай жантүршігерлік оқиғаларға барып жатады. Неге? Адам басына қиындық пен қызықты қатар жазған. Оның бәріне төтеп бере алмасаң, ол сенің жігерсіздігің, ынжықтығың деп. білемін. Бүгінде үлкен игі бастаманы көтеріп, “Бибі -ана атанып жатқан жайыңыз бар.

“Тауқыметті іздеп жүруді құдай менің маңдайыма о бастан жазып қойған” дейсіз. Тағдыр тауқыметін, қиындықтың ащы дәмін тата отырып, ұшы-қиыры жоқ шетті іздедіңіз. Соны тапқандайсыз. Менің білетінім, сіздің бойыңызда бір аласарамас күш, сезім бар. Ол әрине кез келген адамда кездесе бермейді. Сол үшін де сізді бағалаймын.

“Жер жүзінде бақыт көп” деген романыңызды қолға алған боларсыз? Тақырыбы әдемі.

“Тауқыметтің”соңындағы “Жалғасы бар” депген сөзден үміттеніп, күтіп жүрмін.Енді оған сәт сапар, ұзақ ғұмыр тілеймін!

«Қазақ әдебиеті»

18.06.2004 ж.

Құрметпен сіздің оқырманыңыз Райхан МАЛЫБАЕВА,

Алматы қаласы.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта