ЖАНЫ МЕЙІРІМДІ, СҰЛУ ДА СҮЙКІМДІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
Аналардың БИБІ – АНАСЫ!
Бибигүл – ханым, Сіз "Тауқымет" атты шығармаңыз арқылы біздің кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлерің өзіңізге табындырдыңыз.
Егеменді еліміздің жас оқырмандарының ықлас-ықпалымен бәйге сөресіне әріптестеріңізден озып, бірінші болып жеттіңіз. Әр кез осы тұрғыдан көрініңіз, тағы да тамаша туындылар әкеле беріңіз оларды насихаттаудан біз жалықпаймыз.
"Тауқымет" – "Невзгоды" ассоциациясының төрәйімі ретінде қасіретке қарсы тұрар қайсар қайраттылығыңызбен талай мүгедек аналардың жанына шипа болдыңыз, олардын балаларына қамқорлықпен жол көрсетер Биби – Анасы болдыңыз.
Сізді туған күніңізбен қүттықтаймыз, сіздің жанұяңызға шуақты күндердің шапағаты мол түссін!
Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы мен оқырмандары атынан
Ж.Ш.АБУЗАРОВА
Алматы қаласы
22 – желтоқсан 1992 ж.