ТАЛАНТҚА АРА ТҮСПЕУ ДЕ -БІЗДІҢ ҮЛКЕН ҚАСЫРЕТІМІЗ!
Бибігүл Иманғазина
Жазушы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Қазақ әдебиеті» газетінен Димаш туралы жазылып жатқан алып-қашпа сөздерді оқып,қатты ренжіп,көзіме жас алып қалдым. Рушылсымақтар,сендер намысшыл екенсіңдер,анау ауылдағы аш-жалаңаш отырған руластарыңа неге үй салып бермейсіңдер,неге бала-шағаларының жоғары білім алуларына, тамақтарының тоқ, көйлектерінің көк болуларына ат салыспайсыңдар?!
Димашта не шаруаларың бар?!
Ой,сұмдық-ай,сұмдық қой бұл?! Ұяттан безгендер «Димаш қазақ емес» деген қауесеттер таратып жүр екен.Димаштың қаны да,жаны да ҚАЗАҚ! Жеті миллиард халықтың таңдайын қақтырып жүрген,Қазақстан деген елді білмейтіндерге картадан Қазақстанды іздетіп қойған Димаштың алдында кезкелген қазақ басын иіп тұрып алғысын айтуға міндетті!
Алла тағалам бір басына ажарды да,талантты да,ақылды да үйіп-төгіп бергені үшін Димаш кінәлі ме?!
ЕЙ! Бар қасиеттен жұрдай,тек қана біреуді күндеп,біреудің аяғын шалып нәпақа тауып жүргендер!
Димаштың теңдесі жоқ басын сендерге ойыншыққа айналдырып қойып,қарап отырмаймыз.
Димаш менің жерлесім,әнімен көңілді көкке көтеретін,өзіне табындыратын,мың жылда өмірге бір келетін ерекше талант!
Үні де жоқ,биі де жоқ,қисалаңдап,фонограммамен екі сағат халықты алдайтын әншісымақтарға айтарым,сахнаның Киесінен қорықпадыңдар.Сол сендер қорықпай таптаған сахнаның Киесі сендерді талант деген құдыретпен таныту үшін дүркіретіп,дүбірлетіп,тірі жан атаулыға ой салатын Димаштай талантты аспандатып сахнаға шығарып отыр.Талант пен талапты өзгертіп жатқан да сол сахнаның Киесі!
Тағы да айтамын,Димаштың атына лайық емес әр сөз менің жүрегіме инедей қадалады.Сондықтан да,әр жерде бұқпалап жүріп,дәлелсіз күйе жағатындар күңкілдеулерін қоймаса біз Ондайлармен соттасуға шейін барамыз!
Алтынымыздың қабағына кірбің түсіргенімізді қоймасақ,одан біз ғана ұтыламыз..
ДИМАШ ҚАЙ ЕЛГЕ БАРСА ДА ДИМАШ!
Талай таланттар дарынсыздардың күншілдігінен мына өмірден жылап-еңіреп,ішерге тамағы,киерге киімі болмай өтті ғой,соны ұмытпайықшы ағайын!Солардың әндерін осы күнге шейін шырқап,өлеңдерін тамсана жаттап жүрсек те,кезінде олардың жүректерін сыздатқан қасіреттеріне ара түспедік,түсе алмадық.Жасыратыны жоқ,өкінеміз...
Димашымызға әруақыт ақжол тілеп отырайықшы ағайын!
«Қазақ әдебиеті»-Димаштың домбыра тартып отырған суреті берілген
5-наурыз, 2021 жыл
және
«АНА ТІЛІ» газеті, 4-10 наурыз, 2021 жыл
Димаштың ән айтып тұрғаны суретін беріпті.