Құрметті Бибі-ана

Аяулы Бибігүл Қабиқызы !

Сіз біздің балаларымыздың жоғары білім алуына, талайымыздың басқаша өмір сүруімізге бар мүмкіндігіңізді салып, жағдай жасап келесіз. Сіз біздің балаларымызға екінші ана болдыңыз. Сол себепті біз Сізге бірауыздан БИБІ-АНА деген құрметті ат бердік. Сіздің «Тауқымет» атты романыңыздың «Жасөспірімдерге арналған жылдың үздік кітабы» атты республикалық бәйгеде бірінші орын алғанын естіп, қуанып жатырмыз. Қуаныш құтты болсын, бойыңызға құдай берген қажыр-қайратыңыз мұқалмасын, аналық қасиетіңізге шан жуымасын! Шығармашылықта әр уақыт табысты бола беріңіз!

Біз сізбен мақтанамыз,біз Сізді құрметтейміз,қадір тұтамыз,отбасыңыздың әрбір қуанышын өз қуанышымыз деп білеміз...

Асырауында балалары бар мүгедек аналардың «Тауқымет»-Невзгоды» ассоциациясы.

Мүгедек аналар атынан: Ә.Дүйсенбаева, А.Рязанце­ва, Л.Якименко, Г.Көпжанова, Т.Магамбетова, Л.Бе­седина, Н.Меңдалиева, Л.Щербакова, Н.Набокова.

«Егеменді Қазақстан»

7 қараша, 1992 ж.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта