Бибігүл Иманғазина
жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген ңайраткері,
«БИБІ-АНА» қайырымдылық қорының президент!
Қазақта ұзақ жасаған адам туралы шындыққа бергісіз аңыз әңгіме жетіп-артылады. Басқаны айтпағанның өзінде, Желмаясына мініп алып, Жерұйығын іздеген Асан қайғы үш жүз жыл жасаған деседі. Ескінің сөзін қозғап отырған себебіміз, бүгінгі күні де ұзақ өмір сүру мәселесі өзекті. Тағы бір өзекті мәселе - дүниежүзі халқының тұтас қартайып бара жатқан тағдыры. Сарапшы мамандар АҚШ-тағы карт адамдардың үлесі - 19,7%, Германия да - 23,2%, Ұлыбританияда - 28%, Жапон елінде - 32,3%-ға жеткенін айтып дабыл қаққалы да бірнеше жылдың жүзі болды. Өзге елдің жағдайын айтқанда, өзіміздікін жасырып қала алмаймыз. Қазақстан халқының да орташа жасын анықтағанда - ел тұрғындарының қартайып бара жатқанын байқауға болады. Ғалымдар, дәрігерлер 2050 жылдарға қарай еліміздің әрбір төртінші тұрғынының жасы алпыстан асады деп болжап отыр.
Қартын қадірлеген елміз ғой, қарияларымыз көбейсе, елге құт келер деп бір жағынан шүкіршілік етсек, бұл мәселенің екінші ұшы бары да еске түседі. Еліміздің көп бөлігі қарттарға айналса, Қазақстан экономикасында, руханиятында, қоғамында кімдер ең- бектенбек? Еуропа жұрты бүл мәселені өз білгендерімен шешіп қойды: жан-жақтан еңбек мигранттарын шақыра бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі Әлеуметтік даму жалпыхалықтық тұжырымдамасында: «Кез келген жастағы адамдар қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Егде жастағы адамдардың өзін-өзі көрсетуі олар жинактаған бағасыз өмірлік және кәсіби тәжірибені сақтауға және пайдалануға, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді. Рас сөз. Елімізде қарттардың үлес салмағы артса, олар үйлерінде бос қарап отырады дегенді білдірмесе керек.
Осы жерде тағы бір мәселенің бір ұшығы шығады. Еліміздегі қарттар саны артса, оларды емдеу, сауыкггыру мәселелері де қоса көбеймеуі үшін не істеу керек? Біздің көкейімізге келген бұл сұрақтың жауабын табуға деген талпыныс осы күннен басталып кеткендей. Қарттыққа мойынсұнбай, белсенді өмір жасын ұзарту мәселесі, яғни қар- таюды тежеу мүмкіндігін зерттеулермен айналысып жүрген дәрігерлер де бар екен. Олай дейтініміз, белсенді ұзақ өмір - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ғылыми тақырыбы. Бұл мекеменің Алматыдағы базасы - Орталық клини- калық ауруханасында ұзақ жылдардан бері қарт адамдар денсаулығын бақылау- зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы орталыққа тұрақты түрде тексеріліп жүрген адам ретінде де байқағаным, бүгінгі танда адамның белсенді өмір жасының ұзара түсуі үшін орталық мамандары барын салып жүр. Білуімізше, қарттыққа мойынсұнбай, белсенді өмір жасын ұзарту мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер де дәл осы орталықта жасалып жатыр. ҚР ПІБ МО ОКА келетін сырқаттардың көп бөлігі егде жастағылар (60- 74 жас аралығындағылар), қарттар (75 жастан үлкендер) және ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан үлкендер) екен.
Осы орталықтың тұрақты емделушілерінің денсаулығын ұзақ жылдар бойы тексеру мен оларды емдеу арқылы «Қартайған шағында жас кезіндегідей белсенді өмір сүре алуға бола ма?» деген әлеуметтік-медициналық факторларды зерттейтін ғылыми жұмыстар жасалды.
Орталық мамандары өмір ұзақтығы мен өмір сапасы тұқым қуалайды (19,2%); мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тәуелді (12,5%); экологиялық жағдайлармен де тығыз байланысты (8,1%); географиялық және өзге де жағдаяттардан да тыс қала алмайды (6,5%), ең бастысы, өмір салтымен тікелей байланысты (53,7%) деген қорытындыға келген.
Жыл сайын, әр туған күнінде келетін жас бүгінгі ғылыми тілмен айтқанда, адам ағзасының нақты қанша жаста екенін анықтап бере алмайды. Оның себептері өте көп. Түйдей құрдастардың біреуінің әлдеқайда жас, екіншісінің әлдеқайда қартаң көрінуінің себебі не екенін де осы маман дәрігерлер егжей-тегжейлі түсіндіреді. Біз білген дерек- те биологиялық жас - адам денсаулығының көрсеткіші екен. Себебі, «биологиялық жас - адамның биологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес, ағзаның өмір сүруге құштарлығы» дейді орталық дәрігерлері. Ал адам ағзасының биологиялық мүмкіндіктері әр түрлі. Қарттарды былай қойғанда, осы күні жас адамның да ағзасында әр түрлі ауытқулар бар: біреуінің жүйкесі бұзылған, біреуінің жүрегі ауырады, біреуінің өті толған...
Адам шау тартқанда қимыл-қозғалыс азаятыны белгілі. Біздің елде қарт адамдардың көпшілігі денсаулыққа пайдалы, құнарлы аспен ауқаттана бермейтінін, дұрыс тамақтанбайтынын (яғни диета ұстай қоймайтынын) ескерсек,қозғалысы азайған жанның дене қуатының әлсірей бастағанына қоса, жүйкесі де сыр беретіні түсінікті жайт. Әрине, бұл адамның жеке мінез құлқы мен өмір сүру дағдысына да байланысты. Кейбір адам қарттық жеткенде тағдырына мойынсұнып жата бермей, бірден өзін қолға алып, денсаулық жағдайына аландап, дәрігердің айтқанын істеп, белсенді өмірін жалғастыра береді.
Ал кейбір адамдар, керісінше, бойында күш-қуаты таси тұра, қарттық келген осы деп күнделікті жүріс-тұрысты кеміткен үстіне кеміте береді. Сөйтіп, адам ағзасының қызмет ету мүмкіндігін кемітеді. Бұл жағдайда адамды ауру айналдырып, төсек тартып жатып қалуы да ғажап емес.
Адам ағзасының түрлі өзгерістерге тез бейімделе алмауы қарттық келгенінің бірден-бір көрсеткіші дейді дәрігерлер. Сондықтан қартаймау үшін көп қимылдау керегін айтқан дәрігерлерге қосылмасқа амалың жоқ.
Себебі, саламатты өмір салты қарттарға да пайдалы. Адам қартайған шағында да дене қозғалысы мен шығармашылық қуатын кемітпесе, ауру да одан айнала қашып, ұзақ уақыт бойы белсенді өмір салтын ұстана алады. Ал біздің қоғамға жай ғана қарт адам емес, көргені мен түйгенін келешек ұрпаққа жеткізуге күш-қуаты толық жететін, тәжірибелі адам көбірек қажет.
Мен сөз етіп отырған мамандар тобы қарт адамдардың бейімделе алу қабілеті, биологиялық жасы, қартаю қарқынын зерттеп, медициналық мінездеме жасаған екен. ҚР ПІБ МО ОКА келіп емделген қарт адамдар қартаюға бейім емес екенін анықтаған. Әсіресе, 75-89 жас аралығындағы мейлі, әйел, мейлі ер адам болсын, науқастардың қартаю процесі уақыт өте келе тежеле түскен. Адамның жасы келген сайын, қандай медициналық көмек көрсетсе де, бейімделу мүмкіндігі азая береді. Бұл адамның қан қысымына да тәуелді. Қан қысымы жоғарылаған сайын, оның бейімделу мүмкіндігі де кеми түспек. «Адамның қан тамырлары қаншалықты қартайса, адам да соншалыкггы шау тартқан» деген тәмсіл бар. Адамның жүрегі, мейлі, 120 жыл соға алады, алайда, түрлі жағдайлардың кесірінен жүрек-қан тамырлары ауруы асқынып, қазіргі танда жүрек талмасы, инсульт пен инфарктан көз жұмғандардың саны артуда. Аурулардың бұл түрін емдеу шаралары арқылы дәрігерлер мынаған көз жеткізген: Орталық клини- калық ауруханада жүректің ишемиялық ауруларымен емделген науқастар өзге ауруханада емделгендерге қарағанда 1,5 есе ұзағырақ ғұмыр кешеді екен. Мұның себе неде? Себебі, орталық дәрігерлері науқастың қан қысымын, холестерин мен глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отырғандықтан, олардың қан тамыры жақсырақ сақталған.
Бұл менің сөзім емес, коронароаортография мәліметтері. Оған қоса, орталық зерттеген науқастар тобында тарылған қан тамырларына металл каркас орнату арқылы қан тамырларында қанның жүруін қалпына келтіретін әдіс те қолданылған. Осылайша, аурудың дәл осы түрімен ауыратын өзге науқастар сияқты жүрекке апаратын қан тамырлары қатты зақымданбаған. Оларға жүрекке апаратын қан тамырлары қатты тарылып кеткендіктен, қосымша тамыр шығару да қажет болмай қалған, жүрекке қан жеткізетін түрлі оталар да жасалмай, дін аман жүр.
Назарбаев Университеті және ҚР ПІБ МО ұжымы біз айтып отырған осы бір зерттеудің авторы болып саналады. Бұл ұжым тобы жасаған әлеуметтік және клиникалық- зертханалық зерттеулерінде ертегідегі «мәңгілік өмірдің элексирі» жоғын айтады. Үздіксіз емдеу-сауықтыру шаралары, әлеуметтік-маңызды аурулар түрін ертерек анықтау, тұрақты бақылау мен сауықтыру, саламатты өмір салтының ең қарқынды технологияларын қолдану арқылы ғана қартаю процесін шектеп қана қоймай, қарт адамдардың белсенді өмір жасын ұзартуға болады дейді.
Ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін әлеуметтік факторлардың ішінде ең маңыздысы, интеллектуалды еңбек, тәртіп, дене салмағын қадағалау, қимыл-қозғалыс және құнарлы тагам тұтыну екенін баса айту керек.
Жыл өткен сайын барлық науқастың систолалық қан қысымы деңгейі (тамыр арқылы жүрекке өтетін қан мөлшері) мен жүрек қағысының жиілігі маңызды роль атқаратынын білу қажет. Демек, бұл жағдайда науқасты дереу қатаң медициналық бақылауға алған жөн. Ұзақ өмір сүретін қарттарды клиникалық-зертханалық тұрғыдан тексеру жұмыс- тары жүргізілгенде, олардың көбі артық еті жоқ, липопротеид деңгейі қалыпты және тығыздығы жоғары болғаны анықталған.
Осы бақылау-зерттеуді қорытындылай келе, ғылыми жұмыс авторлары адам белсенді және ұзақ өмір үшін келесі факторлар керек екенін айтады:
1. Саламатты өмір салты: жаман әдеттерден арылу - темекі шекпеу, кальян тартпау, күніне үш мезгіл тамақтану, дене салмағын қадағалау;
2. Қоғам өміріне белсене араласу;
3. Көптеген жылдар бойы қалыпты физикалық күш жұмсау (емдік денешынықтыру, жаяу жүру, жүзу, йога);
4. Профилактика мақсатында үздіксіз медициналық бақылаудан өту;
5. Жалпы, холестерин мөлшерін бақылап қана қою жеткіліксіз. Сонымен бірге, «жақсы» холестерин атымен белгілі өмір ұзақтығы көрсеткіші - липопротенидтердің қалыпты деңгейі және тығыздығы жоғары болуын да қадағалап отыру керек.
Бұған өз тарапымнан қосарым, ұзақ әрі тың өмір сүру үшін адам қайырымдылық шараларын көп жасауы, жаман ойлардан аулақ болуы, әркез жақсылыққа ұмтылуы керек екен.
Қарттар да еңбекке жарамды бола алады. Олардың бай тәжірибесі мен белсенді өмір салты ел экономикасына өлшеусіз пайда әкеледі, ал қарттардың денсаулығы жақсы болса, оларға көрсетілетін медициналық көмекке кететін шығын көлемі де азаяды.
ҚР ПІБ МО мен Назарбаев Университеті ғылыми ұжымының бұл іргелі еңбегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға әбден лайық деген ойдамын.
«Қазақ әдебиеті»,
№31 (3561), 28 шілде, 2017 ж.