Оны «Бибі-Ана» деп атайды

Осыдан тұп-тура 3 жарым жыл бұрын Алматы қаласында асырауында баласы бар мүгедек әйелдердің "Тауқымет" деп аталатын қауымдастығы құрылған болатын. Оны ұйымдастырған біздің жерлесіміз, жазушы Бибігүл Қабиқызы Иманғазина еді. Қазір ол кісіні жәй ғана "Бибі ана" дейді. Сондай аса маңызды істі қолға алып жүрген қайсар әйел Алматыдағы консерватория да оқыған уақытында тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жарымжан болып қалды. Кейін күйеуін қайтпас сапарға аттандырып, жалғыз өзі екі бірдей баласын тәрбиелеп өсірді. Олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасап, қызы Мәскеуден институт бітірді. Қазір опера театрында режиссер. Ал ұлы болса әскер қатарынан оралып, медицина институтында оқып жүр.

Бибігүлге қоғамды құру оңай болған жоқ. Қарсылықтарға да кезікті. Кейбіреулер: ''Астанада онсыз да қаптаған қоғамдар бар. Санын көбейткеннен не түседі?" – деп соқты. "Біз мүгедек аналардың құқықтарын қорғау жолында жұмыс істейміз, – дейді Бибі ана. – Олардың маңдайына тағдыр екі жақты тауқыметті жазған. Қазіргі әлеуметтік және адамгершілік жағынан қысымға алып тұрған шақта адамның мәнді тіршілік етуі үшін күрестің мұндай ұйымдасқан түрі әсіресе маңызды".

Ол мүгедектер қоғамының мүшесі болғанмен оның жұмысы озінің де, басқа да мүгедек әйелдердің де көңілдерін көншітпеді. Сондықтан олар оздерінің құқықтары үшін өз күштерімен, ақыл-ойларымен бірлесе күресуге бел буысты. Мынадай қиын кезеңде ол күні-түні жұмыс істеп, ойға алған істің кембағал жандарға септігін тигізуіне, озіне сенім артып, сыйластықпек Бибі ана деген ат қойып жүргендердің көңілдерінен шығуға жанын салды.

Жарымжандығы, жұбайының жоқтығы жігерлі әйелге тосқауыл бола алмады. Сөйтіп жүріп Бибігүл "Тауқымет" атты тамаша романын жазды.

Ос кезде сонысын әрі қарай жалғастырмақшы.

Бір жыл бұрын Әділет министрлігі Бибігүл құрған мүгедек әйелдердің қауымдастығын Республикалық мәртебемен тіркеуге алды. Бибі ана өз көмекшілерімен бірге жатса-тұрса қоғамдарының алдағы жайын ойлады. Алақан жайып жүру ыңғайсыз, біртүрлі төменшіктетіп тастайды. "Мүгедек әйелдерге баланың қажеті жоқ" деген сөзді талай марте құлақтары шалды. Материалдық және моральдық сынақтар қыр-соңдарынан өз мүшелерінің балаларын қамқорлыққа алып, білім алуына айрықша назар аударады. Бибі ана оларға материалдық және моральдық жағына жәрдем көрсетіп, жоғарғы оқу орындарында ақылы оқуына көмектеседі. Тек 1995 жылы гана оның өтінуімен Алматыдағы жоғарғы оқу орындарына 18 бала оқуға түсті. Бибі ана мүмкіндігіне қарай мүгедек әйелдерді жер учаскелерімен қамтамасыз етуге тырысады. Шаруашылықтарын жүргізулері үшін жеңілдікті несие алуларына күш салады.

Биылғы жылды Бибі ана облыстарға арнамақшы. Бүгінге дейін жеті облыста жарымжан әйелдерді есепке алды. Ондай ұйым Ақтөбе қаласына да керек.

Өткен жылдың 14-15 желтоқсанында Алматы қаласында мүгедек әйелдердің Республикалық III конференциясы өткізіліп, онда Жарғы қайта қаралып, бекітілді. Сонымен қатар облыстардағы филиалдары туралы Ереже қабылданды. Мынадай ауыр күндерде бір қоғамға біріккен қайсар әйелдер жайында көп айтуға болады. Аталған үйымның филиалы көп ұзамай осы қалада да ашылмақ. Ол үшін асырауында балалары бар мүгедек айелдер қалалық әлеуметтік қорғау мекемесіндегі Мариям Ержанқызы Ұзақбаеваға жолығуларына бо­лады. Апта сайын жұма күні сағат 9-дан 17-ге дейін қабылдайды. Мекеменің мекен-жайы: Энгельс көшесі 289, "а' (Ақтөбеауылмаш" зауытының балалар комбинатының үйі). Оған жету үшін №7-ші автобусқа жене 4-ші троллейбусқа мініп, "Нан комбинаты" аялдамасынан түсу керек.

8 марта 1996 г.

«Ақтөбе»

М.ҰЗАҚБАЕВА,

мүгедек әйелдердің III Республикалық конференциясына қатысушы.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта