ІНДЕТ ПЕН МІНДЕТ!
Жер жүзінің бей-берекетін алып жатқан Індеттен құтылудың ережелерін әр есі бар адам жатқа білетіні анық...
Ауырғандарға ауруханалардан орын тауып беріп,дәрі-дәрмектеріне көмектесіп жатырмыз.Әрбір тамақ дүкендерінен бұрыштамалар ашып,мүгедектердің,көпбалалы аналардың тегін тамақ алуларына көмектесіп жатырмыз.
БҰЛ ІНДЕТКЕ КҮМӘНМЕН ҚАРАП,ЛАҚАП ТАРАТЫП ЖҮРГЕНДЕР НАҒЫЗ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАУЛАРЫ МЕН ДҮНИЯ ҮШІН БАУЫРЫН САТАТЫН ДҮНИЕҚОҢЫЗДАР!
Соғыстан кейінгі жылдары бай,жарлы деген сөз болмайтын.Барлығы жарлы болды,бірақ,бір тілім нанды бөліп жеп,бір қасық сүтті бөліп ішті.Біз есеп-қисапсыз қайырымдылықты естіп емес, көріп өстік.Әкем «Қайырымдылық деген қасиетті сөз әр қазақтың жүрегінің ортасына ойып тұрып жазылған»дейтін.
Әкемнің сол сөзі менің жүрегіме мәңгілік сақталып қалды...Өзі тырбанып,адамша өмір сүретін адамды қолдайтын Азаматтар бүгінде де жетіп артылады...Аллаға шүкір,елімізде қайырымды азаматтар да,азаматшалар да аз емес.Мынадай, кенеттен келген індетке кедейліктен тұралап отырған отбастарына төтеп беру оңай емес.
Әр азамат,әр азаматша көршілерінің, туыстарының, таныстарының жағдайларын біліп,қолдарынан келгенше көмектессе...
АЙНАЛАЙЫНДАР!
Мың әйелге бөліп берсе аздық етпейтін тауқыметті басынан өткізген,соның бәрін жеңіп,бүгінде халықтың Бибі-Ана анасы атанып жүрген менің сөзіме құлақ асыңдаршы
БҰЛ ІНДЕТТІ МОЙЫНДАМАЙТЫНДАРҒА АЙТАРЫМ, ҚЫТАЙ КЕШЕДЕН БЕРІ ҚАЙТАДАН ЖАН-ЖАҒЫН ҚЫМТАУҒА КІРІСІП ЖАТЫР.
АЛЛАНЫҢ ЖАЗАСЫНА ҰШЫРАП ОТЫРМЫЗ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ЕСЕП-ҚИСАППЕН ЖАСАЙТЫН БОЛДЫҚ, ҚАНАҒАТТАН,ШҮКІРЛІКТЕН ЖҰРДАЙ БОЛДЫҚ!
АЛЛАДАН КҮНІ-ТҮНІ КЕШІРІМ СҰРАЙЫҚ!
САБЫР САҚТАП,ІНДЕТТЕН САҚТАНУДЫҢ БАРЛЫҚ ЕРЕЖЕСІН МҰҚИЯТ ОРЫНДАУ,ЕҢ АЛДЫМЕН БАСҚАҒА ЕМЕС, ӨЗІҢЕ,ОТ БАСЫҢА ҚАЖЕТ!!!
15.06.2020 жыл
«АНА ТІЛІ», «Қазақ әдебиеті»