Асырауында балалары бар мүгедек аналардың Республикалық «Бибі-ана» қоғамының Батыс Қазақстанның Орал, Ақтөбе қалаларында басталған республикалық конференциясы қазанның 15-16 күндері Қызылорда қаласында өз жұмысын жалғастырды.
Конференцияның мақсаты қоғамның жұмысына ауылдық жерлердегі мүгедек аналарды тарту, олардың рухани және әлеуметтік жағдайларын жақсартуы үшін өз мүмкіндіктерін қолайлы пайдалана білуі қажеттілігіне көзін жеткізу.
Конференцияға Республикалық Қоғам Президенті жазушы-қаламгер, мүгедек аналар балаларының анасы «Мать Тереза» атанып, есімі аңызға айналған Бибігүл Иманғазинамен бірге, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Ақтау, Орал, Атырау, Қапшағай қалаларынан қонақтар келді.
Экология зардаптары Сыр өңірі халқының денсаулығына айтарлықтай ауыр зардабын тигізіп отырғандығын, басқа облыстарға қарағанда мүгедек аналар санының бізде көптігінен де байқалады. Сондықтан Бибі-ана Сыр елінің балаларын оқытуға да көбірек көмек жасап отыр.
Қызылорда облыстық филиалы жұмыс жүргізіп келе жатқан төрт жылға жуық уақыт ішінде 38 бала түрлі жоғарғы оқу орындарының студенттері атанды, олардың төлем ақыларын демеушілер арқылы төлеттірудегі Бибігүл Қабиқызының еңбегін шексіз деуге лайық. 120 баланың «Бөбек» сауықтыру орталығында демалып келуі де Сырдың балаларына деген ерекше қамқорлықты көрсетеді.
Қорқыт-Ата атындағы мемлекеттік университет ректоры Қ.А.Бисенов конференция үстінде мүгедек аналардың бірінші курста оқитын 4 студентіне 50% жеңілдік жасайтындығын білдіргенде аналар шексіз қуанып қалды.
«Харрекейн Құмкөл Мұнай» қоғамы әр кезде «Бибі-Ана» қоғамына демеушілік жасап отырған бірден-бір мекеме конференцияға жан-жақтан келген қонақтардың жайлы орындары мен тамағы үшін «Сырдария» мейманханасына 100 000 теңге аударды. Әсіресе, Құсайын Сәрсенбаев мырзаға ерекше рахмет айтқымыз келеді.
Конференция жұмысында ұйымдастыру мәселесі қаралып, денсаулығына байланысты А.Тұрабаева босатылып, облыстық филиал төрайымы Р.Ермекқараева сайланды.
З.АPЫCTAHБAEBA
тексеру комиссиясының мүшесі,
Қызылорда қаласы.