Мүгедек ана бала асырай ма, әлде өзіне қарайма?

Тіршіліктің салмағын әйелдердің мойнына еншілеп, от басы, ошақ қасында ермек іздеп еркек қалған ауыспалы ағымда таңданатындай ештеңе жоқ. Көктен тілеп, көмей созған күйзелісті кіріптарлық күзеп, көсегеңе күл, керегеңе пұл тимейтін жадағай пақырлық пешенені түйгіштеп тұрса, аяқ-қолы сау адуын адам да дәрменсіз. Ал, ойы жеткенге қолы жетпей тағдыр талапайынан тәрік көрген матаулы мүгедектің жайын екеуара електен өткізсек егес емес. Әңгімесін осы арадан өрбітіп, өзек суырған Ұрпатша Сағындықованың үзік үнінен үмітті жолдардың оты үрлегендей көрінді маған.

Екі жылдан бері асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің республикалық "БИБІ-АНА" қоғамы әйел мен балаға сауықтыру, білім беру мақсатында өз қызметін жалғап келеді. Ұрпатша осы қоғамның облыстағы өкілі болып жұмыс жасағалы көп болған жоқ. Жапырып тастамаса да жанашырлығын, жақсылығын беріп, сүрінгенге сүйеу, денсаулыққа демеу жүмыстары біршама. Жуырда онымен етене әңгімелесудің реті туып, “БИБІ-АНА"ның бүгіні мен ертеңі тұрғысында пікір бөлісіп едік.

– Ойлауымша қоғамның алған бағыты белгілі сияқты. Сонда да болса нақтырақ мысал келтірген дәлелді болар еді.

– Дәл қазіргідей заманда, оның үстіне экологиялык, ауыртпалығы басым Сыр өлкесінде қамқорлық күтетін алты мыңға жуық бірінші, екінші топтағы мүгедек аналарымыз бар. Олардың жан азабы мен қоса балаларын асырау үшін еңсені езіп, табан тоздырған тіршілігі әрине қиын-ақ. Осы себептен белгілі қоғам қайраткері,жазушы Бибігүл Иманғазина ханым республикалық "БИБІ-АНА" қоғамын құруға бет бұрды. Бұл орайда ол кісіге айтар алғысымыз шексіз. Өйткені азды-көпті шапағатын көріп, күдікті үмітті басатын жағдаяттар болып жатқаны жасырын емес.

– Сыр бойының халқы мұндай жанашырлыққа әуелден қажет екені бір бүтін емес. Оның үстіне таза қазақы жұрты орналасқан облыстың әлеуметтік жағдайы етене таныс.

– Сөзіңіз рас. Сыр тарихының елдігі бір бүтін емес бұрыннан белгілі. Оның үстіне бүгінгідей саудалы уақыттың сыбағасында кемтар азаматтарға қамқорлық ауадай қажет болса бұл тұрғыда рухани, материалдық көмек көрсету жалғасын жоғалтқан емес.

– Жалпы, байқауымызша сіздердің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратындай қаржыларыңыз жоқ. Алайда осынша тірліктің түйінін шешулеріңізге түрткі болатындай сенімдеріңіз не?

– Құдайға шүкір, Қызылорда табиғаты жанашырлық жігерін, жомарттығын ұлтымыздың болашағына аямайтыны айдан анық. Осы орайда олардың бірнешеуін атап айтсақ “Қазгермұнай", “Харрикеин-Құмкөлмұнай, "Құмкөл-Лукоил", “Казкоммерцбанк”, "ЖанРОС", КРЭК”, Айтбай мешіті, облыстық және аудандық әкімшілік, “Яксарт” секілді фирма мен ұжымдардың қолғабысы аспаннан тілеген алақанымызды жерге түсірді. Сондай-ақ, ақпаратты қолдау көрсегуде “Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерін де ерекше атаған жөн. Жалпы біз үшін жаны ашитын азаматтар облыста жетерлік.

– Байқауымша сіздердің қоғамдарыңыз біршама шаруаның түйінін шешкен тіршіліктеріңіз едәуір секілді. Атап айтқанда болашағымыз – балаларымыздың бүгіні үшін жасалып жатқан жұмыстардың жиынтығы көп деп ойлаймын.

– Жалпы екі жылда 40 баланың “Бөбек" емдеу-сауықтыру орталығында демалуы сөзімізге түрткі. Оның үстіне бес бала өткен жылы жоғары оқу орнына студент болып қабылданды. Түптеп келсек екі жыл­да 11 баланың жоғары білім алуға тілектес болған жоралғымыз бар. Биыл тағы да 10 балаға «Бөбек» қорына жолдама келіп отыр. Мүның өзі ұрпақтың мәдени тыныгуына ашылған айрықша жолдың бірі демеске болмайды. Бүл орайда Бибі-Ана анамыздың еңбегі ерекшке.

– Әрине мүгедек әйелдердің жан айқайын жүрегіне қондырып, жарылқай қалатын жандардың саны көп дегеніміз көмескі келеді.

– Сөзіңіз рас. Өздігінен өзегін жұлып беретін азаматтар жоқтың қасы. Дегенмен ұрпақ ұлағатын сезініп, ардақты ана атын қошемет тұтқан қадірменді қазақтар арамызда аз емес. Дей тұрғанмен селсоқ қарап сыңай танытатын жігіттер де баршылық. Қалай дегенде де ұлтымыздың өркениетті өрелі тұғырға жетуі үшін қалталы азаматтардың қамқорлығы әрқашан қажет екенін ескерген жөн.

– Үреке, мүмкіндігі келіп, жағдай жасаймын деген жігіттерге сіздердің заңды құжаттарыңызды ескерте салсақ әбестік болмас.

– Жалпы журналистердің біліп тұрғаны жан-жақтылығы болар, есіме ұмытқанымды да салып отырсыз. Алдымен жуырда қала әкімі Қ.Баймаханов әкімшілік ғимаратынан бір бөлме бөліп, тұрақты жұмыс жасауымызға мүмкіндік әперді.

– Үстіміздегі жылы сіздерде қандай ишараттың белгісі бар?

– Әрине, өткен жылға өкпеміз жоқ. Қолдан келген көмегімізді аяған жоқпыз. Ұзын-ырғасы көптеген балаларымызды материалдық көмекпен қуанттық деп ойлаймыз. Бұл орайда "Қуаныш" кафесінің (меңгерушісі Д.Бектаева) көрсеткен жанашырлығы, тұрмысы нашар отбасыларды қолдау жөніндегі Қызылорда аумақтық қоры (президенті С.Абдрахимова) көрсеткен қолғабыстары жадағай жанұялардың қуанышына айналды.

– Үрпатша апай, жаңадан қызметке келіп жатсыз. Өмірдің ащы-тұщысын көрген бейнетіңіз бар. Менімше бұл қызметке қызыққаннан емес қамыққаннан келген сияқтысыз.

– Ниетіңізге және "Сыр бойы" газетінің көңіл бөліп, арнайы тоқталуына алғысым мол.

Қ.Шәрібекұлы

3 ақпан, 2000 ж.

«Сыр бойы» газеті

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта