Көп болып ақылдасар шаруа

Өткен наурыз айының басында Алматы қаласында асырауында баласы бар мүгедек әйелдердің «Тауқымет»-«Невзгоды» Қазақ Ассоциациясының Бірінші конференциясы болып, онда біраз мәселелер талқыланды. Оның жұмысына біздің облысымыздан екі бала тәрбиелеуші мүгедек ана дәрігер Фодоровна Журавлева қатысып қайтты. Бүгін ол кісінің облыстағы мүгедек аналарға арналған арнау сөзін жариялап отырмыз.

Ассоциация жетекшісі Бибі-ана,жазушы Бибігүл Иманғазинаның баяндамасын және жарыссөзге қатысушылардың сөздерін тыңдап біраз ойға қалдық. Әсіресе осындай қиын кезеңде баға күн санап өсіп бой бермеуде. Ол бала өсіріп отырған мүгедек аналарға оңайға соқпай отыр. Баланы оқыту, киіндіру, тамақ тауып беру, аналық қамқорлық көрсету, емдеу жалпы отбасы болып күнелту оңай шаруа емес. Жаңағы мәселелер бірігіп бір қоғам не орталық құрсақ жеңілге түсер еді. «Көп түкірсе көл» деген емес пе?

«Тауқымет» ассоциациясы мүшелерінің араласуымен үкіметтен мүгедек аналардың декреттік демалысы 184 күнге жеткізіліп, баласын 14 жасқа дейін емдеу-сауықтыру орындарында тегін демалуға, емдеуге, 7 жасқа дейін баласы бар мүгедек ана дәрі-дәрмекті тегін алуға қолы жеткізіліп отыр.

Ассоциация Республика бойынша қоғамдық ұйымдарға берілетін Заңмен пай­далануға құқылы. Оның өзінің жарғысы, орталығы, Республикалық банкте есеп шоты, мүшелерге берілетін билеті бар. Ол халықаралық дәрежелі мүгедектер қоғамдастығымен байланысып тұрады.

«Тауқымет»---- мүшелері бес жылда съезд шақыра алады, екі-үш жылда бір рет конференция шақырылады. Басқарушы органы жалпы жиналыс, Конференция, съезд сайлаған басқарма болып саналады.

Конференцияға қатысушылар БҰҰ-ның мүгедекке байланысты Букілдүние жүзілік бағдарламасының он жылдығына орай шешімін және Республика үкіметінің мүгедектерді әлеуметтік Жағынан қорғау туралы Заңын басшылыққа ала отырып, мүгедек аналардың балаларына көмек беруді, аналардың өздерін әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғауды күшейту жөнінде шешім қабылдады.

Ол шешім кағаз жүзінде қалмас үшін Батыс Қазақстан облысындағы бала тәрбиелеуші мүгедек аналарды да оған үн қосуға, бірігуге, қиындықтарды бірлесіп шешуге шақырамыз.

Күш біріктірсек, ақылдаса қимылдасақ көп іс тындыра аламыз. Қаламыздың өзінде ғана асырауында бір-екі-үш баласы бар 220-дан аса мүгедек ана бар екен. Ал облысымызда мұндай аналар 2226-ға жетті. Олар кәмелетке толмаған 1635 бала тәрбиелеп, өсіруде. Сырқат, кемтар аналар бала тәрбиелеуде бар күш-жігерін сарқа жұмсап, ойға алғанын толық жүзеге асыра алмайды. Оның үстіне біразы күнелтісі үшін қосымша жұмыс жасауда.

«Тауқымет» ассоциациясының Орал қаласында бөлімшесін ашсақ өзіміздің бет-бейнеміз: орталығымыз, есепшотымыз болар еді.

Әзірге мақсатымыз жұртшылықпен ақылдасу ғана. Ел болған соң демеушіде табылар. Қазірдің өзінде осындай іске мұрымдық болуға әзір «жан қайыр» шағын кәсіпорнын (директоры М.Сарахметовты ерекше айтқымыз келеді. Бізбен ақылдасып, сөйлескісі келетін мүгедек аналар болса базар ішіндегі осы шағын кәсіпорын кеңсесіне келуге, немесе 5-41-42 телефоны арқылы хабарласуға болады. Болмаса қалалық, облыстық мүгедектер кеңесіне де келуге, хабарласуға әбден болады.

«Жан қайырдың» бастамасын «Сәбила», «Оспан», «Ақ қайынды» шағын кәсіпорындары да қостауға әзір отыр.

Ассоциацияға /соқыр, нерв жүйесімен ауыратын, мылқаулардан басқасы/ кәмелетке толмаған тәрбиелеп отынған аналар мүше бола алады.

Құрметті мүгедек аналар сөзімді Сіздерге арнай отырып, бірігейік, өз қоғамымызды – «Тауқыметтің» Орал бөлімшесін құрайық. Акылдаса отырып бүгінгі қиыншылықтарды жеңуге  күш салайық дегім келеді.

Бір топ аналар атынан Елизавета Журавлева, екі бала тәрбиелеуші мүгедек ана дәрігер, асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің «Тауқымет» ассоциациясының Республикалық конференциясына қатысушы.

 

«Орал өңірі»

18 мамыр, 1993 ж.

 

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта