Бибігүл Иманғазина Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "АЛАШ"әдеби сыйлығының лауреаты

Отыз бес жыл бойы жазылып,2016-жылы аяқталған,үш бөлімнен тұратын "Тауқымет"атты романымды 2018-жылда өткізілетін мемлекеттік сыйлықтың конкурсына ұсынған болатынмын.Мемлекеттік сыйлық комиссисының бір мүшесі Дулат Исабеков"Бибігүл Иманғазина отыз бес жыл бұрын жазылған романын ұсынып отыр.Мемлекеттік сыйлыққа бес жылдың ішінде ғана жазылған шығарма ұсынылатынын жақсы білесіздер"деп,менің романымды талқылауға да жібертпегенін мен"Өзіңді өзің әшкерелеп отырсың Дулат Исабеков!" деген мақаламда жазған болатынмын.

Енді бір үміткердің кітабын оқымайтын,баяғы сол Мемлекеттік сыйлықтың комиссия мүшелері сы заманның классик ақыны Ғалым Жайлыбайға істеп отырған қиянаттары Елді шулатып жатыр.Бәрінен бұрын,осы Мемлекеттік сыйлықтың комиссия мүшелерінің жауапсыздығына таңдаамын.Мемлекеттік сыйлыққа түсіп жатқан үміткерлердің бірде-бір кітабын оқымайтын комиссия не үшін ол жерде мүше болып отыр?!Мемлекеттік сыйлықтың айналасында "Президент қана шашеді" деген ұғым мығым орнағанын ешкім жоққа шығара алмайды.

ЖАУАПСЫЗДЫҚҚА ТАҢДАНАМЫН

"Әдебиет-ардың ісі" екені анық болса,өмір бойы жазған өлеңдерін жинап,кітап етіп шығарған ақын Мемлекеттік сыйлыққа қалай үміткер бола алды? Осыны комиссия мүшелері білмей отыр ма?Білгенде қандай! Біліп отырып білгісі келмейтін комиссия мүшелері ең болмаса өздеріне құдайдай сеніп отырған президенттен қымсынбайтындары адамның санасына сыймайды.Өтірік ақпармен президентті ұятқа қалдырып жүрген шненеуніктермен күресіміз аздай,енді ақын-жазушылардың өз әріптестеріне жасап отырған қиянаттарымен күресуге шықтық.

Ғалым Жайлыбайдың "Қара орамал","Тамакөшкен"поэмаларын мен сияқты жылап отырып оқыған талай адамды білемін.Осы поэмаларға тең келетін дүниелері бар ақындар Мемлекеттік сыйлықты жеңіп алып жатса,үндемей-ақ қояр ем,енді үндемей қалу мүмкін болмай отыр.

Бұл енді ақыңға жасалған үлкен қиянат!

Ғалымның ақындығын мойындайтын комиссия мүшелерінің шарасыздықтарын түсіну мүмкін емес. Әбден масқара болып біткен комиссия мүшелері арыздарын жазып,бұл комиссиядан кетулері керек.

Комиссия мүшелері қоғамдағы,әдебиет пен өнердегі беделі мен абыройы мүлтіксіз тұлғалардан жасақталып,олардың беретін дауыстары ашық болуы керек.

06.12.2018 жыл.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта