“БИБІ-АНАҒА” ТІРКЕЛУДІ ҰМЫТПА, ҚҰРБЫМ!

Жазушы, тағдыр тауқыметінен мүгедек болып калғ­ан адам – Бибігүл Иманғазинаны кім білмейді! Оның өзі де бала өсіріп отырған ана, қамқор басшы, сырлас құрбы.

Асырауында 18 жасқа дейінгі балалары бар 1 және 2-ші топ мүгедек аналарға қамқор болатын алғашқы қорды құрған да осы Бибігүл апай болатын. Ол кісінің қор төрайымы ретінде атқарып отырған мыңдаған жұмысын санамалап шығу мүмкін емес. Ең бастысы, жартусыз жәрдемақысынан басқа күнелтісі жоқ аналардың балаларын жоғары оқу орнына түсіріп, олардың тегін білім алуларын қамтамасыз етуінің өзі неге тұрады.

Егер сіз 1 және 2-ші топ мүгедегі болсаңыз, асырауыңызда 18 жасқа дейінгі балаларыңыз болса, онда “Бибі-Ана” қорының Атыраудағы бөлімшесіне хабарласып, мүше болыңыз. Біздің байланыс телефонымыз: 21-15-27.

«Атырау» газеті,

25 тамыз, 2005 ж.

Бақтылы АХМЕТОВА, қала тұрғыны.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта