Жұртшылыққа Қазақтың Тереза анасы, Бибі-Анасы есімдерімен таныс белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,"Құрмет"орденінің иегері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері "БИБІ-АНА" қорының құрылтайшысы және президенті Бибігүл Иманғазина-1942 жылы, желтоқсан айының 24-жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.
Қызы Ләйлім – Құрманғазы атындағы Консерваторияның фортепьяно бөлімін аяқтап, Мәскеудің мемлекеттік театр өнері институтын (Государственный институт театрального искусства) қызыл дипломмен бітірді. Абай атындағы Опера және Балет театрының бас режиссеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, платиналы "Тарлан"сыйлығының лауреаты.
Ұлы Аспан - психиатр, кәсіпкер. Алматының Асфандияров атындағы академиясын,ординатура,аспирантурасын бітірген. Ең алдымен анасының денсаулығын қадағалайды,барлық істе де анасының ең басты көмекшісі.
Ләйлімнің ұлы - Алдияр, студент
Аспанның қызы - Ажар студент, ұлы - Аңсар
Бибігүл Иманғазинаның "Тауқымет" атты романы алғаш рет 1990-жылы "Жазушы" баспасынан шығып.
1992-жылы "Жасөспірімдерге арналған жылдың ең үздік кітабы"деген диплом алды.
1995-жылы "Тауқыметтің" бірінші бөлімі "Жазушы" баспасынан жарық көрді.
2011-жылы "Ащы өрік", "Үйге барғым келмейді" деген повестері "АН-АРЫС" баспасынан шықты.
2016-жылы үш бөлімнен тұратын, аяқталған "Тауқымет" АН-АРЫС" баспасынан жарық көрді. "ТАУҚЫМЕТ" жыл сайын шығарылып жатыр, шығарыла да береді, себебі, кітапты оқуға құштар оқырмандар жеткілікті болса да, кітап жететін жерлеріне жетпей жатыр.
Бибігүл Иманғазина "Тауқымет" романын осыдан отыз бес жыл бұрын бастап жазған болатын. Тоқсаныншы жылдардың басында мүгедек аналардың басына түскен ауырталықты қоса көтерген жазушы "БИБІ-АНА" деген Қоғам құрып,жиырма бес жылда мыңдаған отбасының тыныс-тірлігіне тікелей араласып, бес жүзден астам мүгедек аналардың балаларының жоғары білім алып,жұмысқа орналасуларына тікелей ықпал жасады.
Отыз бес жылдың арасындағы сюжеттер нақты өмірден алынғандықтан оқырманды шынайылығымен,тілінің жеңілдігімен баурап алады.Он жеті жасында бір қаныпезердің кесірінен мүгедектікке душар болып қалған, сұлу да өнерлі, рухы биік, жаны биязы,ердің еңбегін істеп, елді өзіне қаратқан, парасатты жазушы әйелдің ауыр тағдыры арқау етілген "Тауқымет" романын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Консерватоияға студент болып қабылданған күні мүгедек болып қалған он жеті жасар өнерлі де,сұлу қыз Бибі-Сана күні-түні өлімді ойлайды. Әкесінің"Сенсіз мен де өмір сүрмеймін" деген бір ауыз сөзінен кейін Бибі-Сана жанындай жақсы көретін әкесі үшін мүгедектіктің азабымен күресуді мойындауға мәжбүр болады. Алғашқы періште махаббаты Қанатты өмір бойы мүгедектіктің тауқыметін тарттыруға қимай,сүйе тұрып,бас тартудың азабы өз алдына...
Бибі-Сана "Өзімді кім сүйсе соған күйеуге шығамын,менің ана болуым керек. Қанатты тек қана ішімнен шыққан бала ғана ұмыттыра алады"деген мақсатына жету үшін алуан түрлі қорлық пен зорлықты басынан өткізе жүріп, Ана да болады, Жазушы да болады,Қоғам қайраткері де болады...
Алғашқы махаббаты Қанат арада отыз жылдан астам уақыт өткенде Бибі-Сананы іздеп келеді. Тағы да жылау,сықтау, тағы да Қанаттың өмірі жазылмаған өкпесі... Оның бірнеше сағат бойы біресе ренжіп,біресе жалынып"Екеуміз қалған өмірімізді бірге өткізейікші"деген өтінішін Бибі-Сана тағы да қабылдай алмайды. Әбден күйінген Қанат"Сен әйел емессің, құбылыссың"деп, есікті тарс жауып шығып кетеді...
Еліміз енді ғана егмендік алып жатқан кезде тұрмыстың ауыртпалығы асырауында балалары бар мүгедек аналардың от басынан басталғаны анық.Сол кезде Бибігүл Иманғазина өзінің "Тауқымет" атты романын оқыған мүгедек аналардан "Шіріген күріш, шіріген ұн жеуге мәжбүрміз" деген хаттар алып жатты. Өзінің басынан талай тауқымет өткен Бибігүл 1992-жылы "Асырауында балалары бар мүгедек аналардың "ТАУҚЫМЕТ" Қоғамын құрды. Екі жылдан кейін Республикалық құрылтайда мүгедек аналардың өтінішімен "ТАУҚЫМЕТ" Қоғамы "БИБІ-АНА" болып өзгертілді.
Алғашқы күннен Қоғамның алдына қойған мақсаты: мүгедек аналардың балаларына тамақ тауып беру,балала рын жоғары білімсіз қалдырмау, мүгедек аналарды жұмыспен қамтамасыз ету.
Бибі-Ана басын тауға да,тасқа да соғып жүріп,бес жүзден астам баланың жоғары білім алуына тікелей ықпал жасады. Алматының қақ ортасындағы Кеңсенің жанынан студенттерге арнап тегін тамақтанатын асхана ашып, оларды компьютерлермен қамтамасыз етті. Студенттер жатақханаларына ұйықтауға ғана баратын.Алғашқы кезде сенімсіз қарайтын мүгедек аналардың балалары көп ұзамай-ақ Бибігүлді Бибі-Ана деп атап кетті.
БИБІ-АНА ҮНЕМІ "МҮГЕДЕК АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ БЕРГЕН БИБІ-АНА ДЕГЕН АТ МЕН ҮШІН БАРЛЫҚ МАРАПАТТАН ЖОҒАРЫ" ДЕГЕНДІ МАҚТАНЫШПЕН АЙТЫП ЖҮРЕДІ.
Бибігүлдің "Я завидую только матери Терезе" деген мақаласы "Казахстанская правда" газетіне шыққан күні жан-жақтан қалталы да,азаматтар мен азаматшалар телефон соғып,өздерінің көмектерін ұсынып жатты,
СОЛ КҮННЕН БАСТАП ШЕНЕУНІКТЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР БИБІ-АНАНЫ "НАША МАТЬ ТЕРЕЗА" ДЕЙТІН БОЛДЫ.
Қайырымды жандардың арқасында мүгедек аналар тегін тамақпен қамтамасыз етіліп,пәтер ақыларының да мәселесі шешіліп жатты.
Қазақтанның бар бұрышынан мүгедек аналардың балалары Президенттің шыршасына қатысып,жыл сайын денсаулықтарын жөндеу үшін аналарымен бірге сауықтыру орындарына жолдама беріліп отырды.
Мектептің директорларымен тығыз қатынаста болып, Бибі-Ана мүгедек аналардың балаларының жағдайларын өзінің көмекшілері арқылы үнемі қадағалап отыратын.
"БИБІ-АНА" Қоғамы да талай қасыретті басынан өткізді. Ол туралы 2018-жылы шыққан Бибігүл Иманғазинаның "ТАУҚЫМЕТ" романында ашық баяндалады.
"БИБІ-АНА" қайырымдылық қоры(одан әрі мәтін бойынша ("Қор") "БИБІ-АНА" мүгедек әйелдер Республикалық Қоғамы әлеуметтік бірлестігінің қайта құрылу нәтижесінде және оның жалғыз құрылтайшысы Иманғазина Бибігүл Хабиқызының жарнасы есебінен құрылған,мүшелігі жоқ,бейкоммерциялық және үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Қордың жалғыз құрылтайшысы: жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық әдеби "АЛАШ" силығының лауреаты, "Құрмет"орденінің иегері, "БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының президенті ИМАНҒАЗИНА БИБІГҮЛ ҚАБИҚЫЗЫ
Қазақстанның кезкелген бұрышынан мүгедектерден келіп жататын хаттарда жазылатын мәселелерді шешу үшін биліктің қай саласымен де тікелей қатынаста болу
Үкіметпен бірлесе отырып, мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған сауықтыру орталықтарын Қазақстанның барлық аудандарында салынуына тікелей ықпал жасау
Мүгедек балалар мен мүгедектердің сауықтыру орталықтарында қызмет істейтін мамандарды дайындау
Шипалы сулары мен емдік балшықтары
бар Қазақстанның әр ауданынан
санаторийлер ашу
Ақыл-есі дұрыс мүгедек балалардың
мектепте дені сау балалармен бірге білім
алуын қадағалау
Келісім-Шартқа сәйкес және "БИБІ-АНА" бағдарламасының көмегімен, Қордың бар мақсатын жүзеге асыру.
Бибі-Ана туған елі, өскен жері Шалқар қаласында мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған Сауықтыру Орталығын салдырумен айналысып жатыр. Орталықтың тұратын орны белгіленді. Орталықта қызмет істейтін мамандарды дайындау үшін Алматыдағы жоғары оқу орындарына Шалқар қаласының орта мектебін бітірген түлектер шақырылып, Келісім-Шарт жасалынып жатыр.
Келісім-Шарт бойынша "БИБІ-АНА" Қоры студенттердің оқу ақысын төлейді,жатақханамен қамтамасыз етеді.
Келісім-Шарттың талабы бойынша "БИБІ-АНА" қорының атынан диплом алған маман 5 жыл Шалқар қаласындағы мүгедектердің сауықтыру орталығында қызмет етеді.