Біз де тырбанып жүрміз-ау

Ана жүрегі атты құдірет туралы үлкенді-кішілі әр перзент білетін болар. Меніңше, ана жүрегі дегеннің қандай нәрсе екенін жете білу үшін ежелгі Дон бойы елі аңызындағы «Анаңның жүрегін суырып әкеліп берші, сонда ғана сүйетініңе сенемін» дейтін қатыгез қыздың сөзіне иланып, анасын өлтіріп, жүрегін суырып алып, ғашығына қарай жүгіретін жігітті еске алуларыңыз қажет тәрізді. Ентіге басып, алақ-құлақ етіп келе жатқан жігіт сүрініп кетіп, уысынан ананың жүрегі жерге түсіп кетіпті дейді. Сонда байғұс жүрекке тіл бітіп, тірі адамша сөйлеп, өзінің жерге түсіп, қанталағанына қарамай: «Ба- лам-ау, бір жерің ауырып қалған жоқ па?» депті. Айналайындар, міне, ана жүрегі!

Өзім туралы айтып не қылайын, әйтсе де, мен де екі аяғы жок, кем тар анамын; сөйтіп жүріп, екі баламды тәрбиелеп өсірдім. Ұлтымыз тәуелсіздік алғанға ана атаулы, оның ішінде мүгедек аналар, айырықша қуандық. Сол сол екен, айнала жалғасып жатқан тіршіліктің қырық тамыры қиылып, өз бетіңмен күн көретін болған тұста, заман дәл бүгінгідей болып, шыр айналып кеткенін көрдік. Біз қара басымыз қиындыққа үйренгендерміз ғой. Мұндайда мен өзімді емес, «Өзімдейлердің тағдыры не болады?» дегенді көбірек ойладым. Сөйтіп, бірімізді-біріміз тауып, қол ұстасып, мүгедек әйелдердің қауымдастығын құрдық. Заң жолымен тіркеттік. Сондағы ойымыз: мүгедек аналар бас қосып, бәріміз бірігіп, өз құқымызды қорғауға, өмір қиындығына мойымай, жұрт құрлы күн көруге, өзіміздің ақыл-ойымызбен, күш-жігерімізбен, бойымыздағы бар қабілетімізбен өз тағдырымызды өзіміз жөндеуге қол жеткізу, ар-намысымызды аяққа бастырмау еді. Біздің қауымдастығымызға баласы бар, өзі мүгедек аналарды тарттық.

Қауымдастығымыздың ашылғанына екі жыл болды. Осы уақыт ішінде, біз ең алдымен, мүгедек аналарды өзінің мүмкіндігіне қарай, үйлерінде атқаратын жұмыспен қамту үшін «Бибі-ана» атты фирма аштық. Не дерің бар, осы мүгедек аналардың қай-қайсысы да жейтін нанын өз маңдай терімен табуға жанын салады, Тіпті, өздеріне салсаң, бірде-біреуі мүгедек топқа шығып, азғантай тиын-тебен алуға қысылады да. Бұл – менің өз басымда да болған хал. Біздің әйелдер киім тігуге әлі де жаттығу үстінде. Әсіресе, балаларға арналған киімдер тігуге кірістік. Ал, әшекей салатын қайсыбір киімдерді тігу үшін үлгі қажет бол­ды; біз мұндайда кәдімгі суретшілердің көмегін қажетсіндік. Жаңа үй болғандардың төсек орнына керек төсеніштер мен жаңа туған жас нәрестелерге керек ораныштарды да тігуді үйрендік. Біздің қауымдастықта масылдыққа жол жоқ.

Өмір бол ған соң, мүгедек анасы өліп, артында бас-көзсіз балалары қалатын кездері де ұшырасады. Мұндайда бұрын көрінбеген, әйтеуір, «бірдеңесі едім» деп басын көтеретіндер жетіп артылады. Сондағысы: артында қалған жетім баласына пана болу емес, әйтіп-бүйтіп, енді иесіз қалған пәтеріне ие болу. Біз болсақ, жетім баланың бас-көзсіз де, баспанасыз да қалмауын қадағалаймыз. Біз қазір фирмадағы жұмысымызды кідіртуге мәжбүр болып отырмыз. Кәсіпкерлер қорынан белгілі бір мөлшерде қаражат бөлінуін күтудеміз. Сонан соң кәсіпорынымызды бұрынғыдан ұлғайтуға кіріспекпіз; әрине, бұл кәсіп мүгедек әйелдердің бірден-бір күнкөріс көзіне айналатын болады.

Республикалық қауымдастығымыздың әр облыста бәлімшелері бар. Бұлар тіркеуден өткен. Ал, қай жерде де мүгедек әйелдердің тұрмыс-күйі өте нашар, үй-күйі жоқтың қасы. Менің өзім екі аяғым бірдей кеміс болса да, бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұрамын. Бесінші қабатқа көтерілген ғұрлы жаным көзіме көрінеді. Уақытында, «Алсаң – сол, алмасаң – өзің біл» дегенге ұшырағанмын.

Әділет табу қиынға соқты. Еқі баламен амалсыз осы үйге жайғасқанбыз. Кейін осы қауымдастықты бетке ұстап, төменгі қабаттағы пәтердің біріне алмастыруға қаулы шыққанды. Оған да сегіз ай өтті. Ендігі сөзі: дайын үй жоқ, күт. «Күт!» деп айтқаны үшін кімді не деп мұқатпақпын?! Екі аяғы жоқ кісінің халін өзі сезінбеген азаматқа ақыл айтып не табамын?! Әуелгі кезден-ақ сол бесінші қабаттағы пәтеріме мүгедек әйелдер топ-тобымен келіп, жағдайын айтатын. Әлі сол. Солардың мұңын мұңдап, жоғын іздеп, бесінші қабаттан сан рет жерге түсіп, азап шегемін.

Ал, мүгедек әйелдерге саяжай үшін жер қайда? Бұлар да өзге азаматтар сықылды мүмкіндіктерді пайдалануға құқы жоқ па еді? Үйі жоқтарға үйді кім береді? Үкімет алдына мүгедек әйелдерге неғұрлым ауасы таза ауданнан жер белуге, үй құрылысы үшін ұзақ жылдарға арналған қарыз беруді сұрап, талал қойдық. Біздің бір күніміздің өзі бір жылға татитынын үкімет басындағылар бір сезінер, әйтеуір.

Мүгедек әйелдердің балаларын оқу орындарына қабылдау жөнінде күні бүгінге дейін ешқандай жеңілдік жасалған жоқ. Бірақ, біз өз қауымдастығымыздың жарғысына мүгедек әйелдердің балалары оқу орындарына түсу үшін жеңілдікке міндетті түрде қол жеткізу қажет екендігін атап жазғанбыз. Рас, «мүгедек болса, өзі мүгедек; баласы мүгедек пе?» дейтін беті қалың пенделердің талайы кездесіп жүр. Біздің балаларымыздың арасында небір дарынды балалар бар. Сондай балалар оқуы керек. Біз қауымдастық атынан сондай балаларды іріктеп, қауымдастық есебінен оқуға дайындайтын мұғалім жалдауды дағдыға айналдырдық. Құдайға шүкір, мүгедек әйелдің балалары қитұрқы әдеттен аулақ, шын мәніндегі, кісі боп өсіп келеді. Көптеген жоғары оқу орындарының ректорлары біздің мұңымызды өте тез түсінеді. Соңғы екі жыл ішінде 24 мүгедек әйелдің баласы жоғары және орта оқу орындарына түсті. Иә, біз бал аларымызға баға сұрамаймыз. Тек қана конкурсқа келген жерде, бұл істің басында мен жүремін. Құдай жарылқағыр, Сағадиевтің, Белозеровтің, Нұрпейісовтің, Исаевтің, Арыновтың, тағы басқалардың азаматтығына мың да бір рахмет. Алдағы оқу жылында да он екі балаға дайындаушы мұғалім жалдауға қаржы іздесті рудеміз. Біздің қауымдастықта басы артық тиын бол ған емес. Шын қысыл ғанымызды сезіп, қол ұшын беретін «Бутя» фирмасына да рахметіміз ала-бөтен.

Күні кеше мүгедектерге жасалатын жеңілдіктерді алып тастаған айларда, жердің жарығына кіріп кетуге аз қалдық. Бұл айларда салық инспекциясындағылармен тартысудай-ақ тартыстым, айтысудай-ақ ай- тыстым. Ойбай-ау, мүгедек әйелдер қауымдастығын мүгедектердің қауымдастығын құру жөнінде іс бастадық. Бөлініп, белек қалатын заман емес; тағдырымыз ортақ екен, тіліміздің бөтен екендігі біз үшін кедергі бола алмайтынына көзіміз әбден жетті.

Біздің қауымдастыққа ұлтына, нәсіліне қарамай, баласы бар барша мүгедек әйелдер мүше бола алады. Ұлттық баспасөзіміздің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» бетінде қалың қауымға сөз арнай отыра, біздің қауымдастыққа жер-жердегі мүгедек әйелдерді мүше қоғамы дәрежесіне жатқызбай, сорымызды қайната жаздады. Сонда біз кім екенбіз? Түрімізге-түкпітімізге қарамай, сөйлегенде сөз шақ келмеді ғой бұларға. Жуырда беделді бір баспасөз бетінде Қызыл Айшық қоғамының бас директоры «Мүгедектердің барлық ұйымдарын, қоғамдарын Қызыл Айшық қоғамы қарауына беру керек» де­ген ұсыныс айтты. «Қолы көтермейтін. Шоқпарды беліне қыстырып, неқылады?» деп аң-таң болдық. Әуелі өзіне тиесілі ісін атқарып алыпты да қалыппыз ба тәйірі?

Осы күндері астана мэрінің шешімімен қазанның алғашқы он күндігі арасы мүгедектер күні болып белгіленіп, аталып өтуде. Бұл не? Мейрам ба? Көмек беретін күн бе? Біздіңше, мүгедектер күні – мемлекет тарапынан мүгедектердің хал-жағдайын шұқшия зерттеп, шұғыл қолұшын беретін күн болуы керек. Мүгедектер ісін ұйымдастырушыларды басшылар қабылдап, мұқият тыңдап, шара қабылдайтын күн болғаны жөн. Айтар ауызға жақсы болғанмен, көрініп, іс бітпесе, бұл күн пәлендей жақсы күн бола қоймас. Статистиканың айтуы бойынша, 2ООО жылға дейін «мүгедектер саны әлдеқайда көбейе түседі» де­ген долбар бар. Мұндай жағдайда Сауда үйін көбейтумен бірге, қолұшын беретін мейірімділік қорында көбейте түссек, жақсы болар еді.

Бұл әйелдердің басым көпшілігі өндірісте жүріп мүгедек болғандар. Ал, атап айтатын тағы бір нәрсе: бірде-бір мүгедек әйел баласын жетім балалар үйіне тапсырған емес. Міне, нағыз мейірім, кісілік кімде жатыр десеңізші!

Осы екі жыл ішінде мен қауымдастық атынан 6 рет әртүрлі халықаралық конференцияда мүгедек әйелдер тағдыры туралы баяндама жасадым; жер жүзі әйелдері қауымдастығы қажет екендігін жұрт алдында aйттым. Осыдан аз-ақ уақыт бұрын қауымдастықтың республикалық екінші конференциясын өткіздік. Конференциямызға республика Президентінің кеңесшісі Роза Кенжетаева ханым, әлеуметтік қорғау министрі Байгерім Төтенев мырза қатынасты. Міне, осы жиында облыстардағы мүгедек әйелдердің халі мүшкіл екендігін атап айттық.

Осылай жөн-жосығымызды айта келе, «Мүгедектер күні» атты күннің республика көлемінде белгіленуі зор қайырымдылық белгісі дей тұра, бұған барша азаматтар, мекемелер көңіл аудармаса, мүгедек әйелдердің хал-жағдайы жақсара қоймасы белгілі. Қауымдастықтың облыстағы мүшелері де жергілікті әкімшіліктің демеуімен пайдалы еңбекке жұмылдырылуы қажет.

Қайталап айтамын, баға шырқап өскен сайын мүгедектердің жағдайы нашарлай түсуде. Күн көріске қажет шығыннан тағайындалған пенсия деңгейі әлі көп төмен жатыр. Бұл ретте БҰҰ-ның мүгедектер жөніндегі онжылдыққа арналған бағдарламасынан үкіметіміз хабардар бола түскені жөн. Бұрын қабылданған заң бойынша мүгедектерге жасалатын жеңілдіктер айтар ауызға ұят дерлік мөлшерде қалды. Мойнында бала­сы, қолында дорбасы бар кемтар аналар қара басын сақтау ғана емес, ұрпағын өсіру парызын атқармақ. Бұл үшін үкіметтің демеуі керек. Шетелден келген қайсыбір қонақтар біздің қауымдастығымызға назар аудара бастады. Аз да болса, атқарған ісімізге сүйсініп, ешбірінде дәл осындай қауымдастық жоқ екенін жасырмай айтып жүр. Ендеше, біз жер жүзіне үн тастап, мүгедек әйелдердің халықаралық болуға шақырамын. Ол үшін:

ВТЭК берген екі анықтама, баласының тууы туралы куәлігінің көшірмесі, отбасы құрамы, психодиспансердің есепте тұрмайтындығы жөнінде ұсынған анықтама қағаздары керек. Осы кұжаттарды мына адреске салса, біз қайыра жауап жазатын боламыз:

480124. Алматы, Жароков көшесі, 97-үй, 27-пәтер. Пәтер тел. 42-15-25. Жылқышиева Қадырсыз Қамбарқызына деп жолдаса біздің қолымызға тиеді.

Мүгедек әйелдер де осы елдің перзенті, осы елдің азаматы. Өзге барар жері, басар тауы жоқ. Сүйенері де осы ел, арқа тұтары да осы елдің елдігі, елдігін танытатын азаматтары. Бұл әйелдердің ұрпағы ел қатарына қосылуына да, бір сәт көзден тыс қалмауына да қамқор болатындар – халық пен мемлекет.

Азаматтар, бала жетектеген мүгедек әйелдер тағдырына сергек қараңыздар!

Бибігүл ИМАНҒАЗИНА, жазушы,
республикалық
мүгедек әйелдер
қауымдастығының президенті

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта