Биби-Ана Шымкентте болды

Көпшілікке әйел азабы мен тағдыры жайлы жазылған «Тауқымет» романы арқылы жақсы таныс жазушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және демографиялық саясат кеңесінің мүшесі, асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық «Бибі-Ана» қоғамының Президенті Бибігүл Иманғазина жуырда Шымкент қаласында болып, республикалық қоғамның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің конференциясына қатысты.

Облыс бойынша 4 мыңға жуық мүгедек аналар бар болса, олардың әрқайсысында кем дегенде 1-2 баладан бар.

Яғни, қаншама тауқыметке толы тағдырлар десеңізші.

Ал облыстық қоғамның төрайымы Г.Андасова, Бибігүл Иманғазинаның айтуынша, тек өзінің жағдайын күйттеп, өзінің ұл-қызын жоғары оқу орнына түсірген соң, өзге мүгедек аналармен шаруасы болмаған.

«Бибі-Ана» қоғамының мақсаты мүгедек аналардың ұл-қыздарына білім беру, жоғары білім алуына мұрындық болу, мүгедек ана мен баланың денсаулығын түзеуіне көмектесу болып отыр.

Міне, осы мақсат-мүддені іске асыра алмаған Р.Андосованың орнына бұл күнгі конференцияда жаңадан төрайым сайланды. Сонымен «Бибі-Ана» қоғамының облыстық бөлімшесінің төрайымы болып Ханшайым Дәулетова сайланды.

20 наурыз, 1998 ж.

Ж.МАМЫРӘЛІ.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта