Асырауында балалары бар мүгедак аналардың Республикалық “БИБІ-АНА” Қоғамының Қызылорда облыстық филиалы 4 жылдан бері жұмыс жүргізіп келеді. Қоғамның президенті Бибігүл Иманғазинаның арқасында мүгедек аналардың 38 баласы әртүрлі жоғарғы оқу орындарының студенттері болып оқып жүр.Олар Астана,Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалаларындағы мемлекеттік университеттің түлектері. Биылғы жылы алғашқы түлектері диплом алып шықпақшы.
Бибі-ана анамыздың ықпалымен Қызылордалық 6 студенттің төлем ақыларын “ҚазақОйлМұнай” компаниясы президенті Н.Балғымбаев жыл сайын аударып келеді.
Биылғы тағы бір қуаныш,Бибі-Ана анамыз – 2 курс студенттерінің бесеуін ақылы белімнен грантқа ауыстырды. Аналардың Бибі-анаға алғысы шексіз.
120 бала “Бөбек” сауықтыру орталығында демалып келді, олардың жолдамаларын Бибі-ана жіберіп келеді.
Мүгедек аналардың үш баласы Президент шыршасына қатысып келді.
Қоғамның облыстық филиалына “Харрикейн Құмкөл Мұнай” компаниясы үнемі демеушілік көмек керсетіп келеді.
Биыл “КазГерМұнай”-дың көмегімен 15 бала “Алма-Арасан” демалу үйінде тегін демалып келді. “Рахат" туристік фирмасы балалардың наурыз, жаңа жыл мерекелерін қызықты етіп еткізіп келеді.
“Сыр бойы”, “Кызылординские вести", “Ақмешіт ақшамы” газеттері қоғамға демеуші болып келеді.
Сыр бойының мүгедек аналарының балаларына үлкен аналық қамқорлық жасап отырған бізге Алла жіберген Бибі-ана анамызға айтар алғыстары шексіз.
«Ақмешіт» газеті,
15-21 октябрь, 2001 ж.
Б.АКБАРОВА