Бибі-Ана Атырауда

Өткен сенбі күні облыс орталығы – Атырау қаласына асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық «Бибі-Ана» қоғамының президенті Бибігүл Иманғазина келді. Ол – жазушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы демографиялық саясат және отбасындағы әйелдер мәселелері жөніндегі Кеңестің мүшесі.

Бүгінде аталған қоғамның бөлімшелері республикамыздың барлық облыстарында дерлік жұмыс істеуде. Біздің облыстада осынау қоғам ашылып, төрайымы тағайындалған.

Осы және әйелдерге қатысты басқа да мәселелер төңірегінде облыстық әкімшілікте Бибі-Анамен кездесу өтті. Онда республикалық қоғам мен оның жергілікті бөлімшелерінің жұмысы туралы кең әңгіме болды. Атырау белімшесінің төрайымы ауыстырылып, оған мүгедек ана Венера Галямова тағайындалды.

Бибі-Ана өзімен кездесуге келген асырауында балалары бар мүгедек аналарға өзінің екінші рет толықтырылып басылып шыққан «Тауқымет» романын, астаналық мүгедек әйелдер қолынан шыққан бұйымдарды сыйға тартты. Сонымен қатар ол осы сапарында қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерімен де кездеспек.

Облыстық әкімшілікте жексенбі күні болған осынау кездесуге әкішіліктің бөлім меңгерушісі Т.Батыров облыстық халықты әлеуметтік жағынан қорғау басқармасының бастығы Ж.Ахмедов және басқа басшы азаматтарда қатысты.

5 июня, 1996 г.

Л.СЕЙТІМОВА.

 

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта