“БИБІ-AHA”

Арамызда үнемі қамқорлық көмек күтетін қам-көңіл жандар қаншама?

Ал оларға ‘Бибі-Aна” қоғамы үнемі көмек қолын созып, қанатының астына алып келеді. Жақында Сыр өңіріне келген осы қоғамның президенті жазушы Бибігул Иманғазина мүгедек әйелдердің тауқыметіне басты назар аудару қажеттігін тағыда баса айтты.

Осы мақсатта “Бибі-Aна” қоғамының жанынан облысымызда “Бибі-Ана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылды. Жаңадан ашылған серіктестік алдағы уақытта мүгедек әйелдерді жұмысқа тарту мақсатында бухгалтерлік есеп-қисап кітапшаларын жасайтын, ауруханаларға перде, жастық тыс, көрпе тыс тігетін түрлі шеберханалар мен кішігірім цехтар ашып, мал өсіріп, егін егуді қолға алып отыр. Мұның бәрі мүгедек аналардың күн-көрісін жақсартуға сәл де болса ықпал ету. Бірақ осы істің бәрі бірден өзінен өзі орындалмайтыны белгілі. Сондықтан іскер азаматтар болып бірлесіп қам-көңіл жандарға қол ұшын бе­руге тырысайық.

30 мамыр, 1998 ж.

«Ақмешіт Ақшамы»

Жүзбай ТАҢЫРЫҚБАЕВ

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта