Құрметті Пленум мүшелері!

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшелері және әріптестерім!

Елу жылдан астам уақыт мүгедектіктің тауқыметін тартып келе жатқаным аздай, аяқ астынан сол жамбасымды сындырып алып, екі жылда алты рет ота жасаттым. Әзірше дәрігерлер жүруге рұқсат бермейді, кезекті Пленумға қатыса алмайтын болғандықтан Сіздерге өзімнің ойымды, өтінішімді хат арқылы білдіруге мәжбүр болып отырмын.

Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, абырой, молшылық, береке, бақ тілеймін...

Өзім жиырма бес жылдан астам уақыт Қоғамдық ұйымды басқарып келе жатқандықтан, Жазушылар одағының тыныс-тірлігі маған өте таныс. Қоғамдық ұйымдар өздерін өздері қаржыландырады. Бұл елдің бәріне белгілі. Соған қарамай, шығысты емес, кірісті ғана есептейтін кейбір жазушыларымыз Одақтың басшыларын ұрыға теңеп, «өлі Одақ» деген сияқты сөздермен балағаттауларын қояр емес. Ел-жұрттан ұят болды...

Сондықтан, «Жазушының этикасы» деген комиссия құрылса деген ұсынысты талқыға салуларыңызды сұраймын.

Одақтың барлық тауқыметін жиырма жылдан бері арқалап келе жатқан Нұрлан Оразалин мырзаға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Нұрлан мырзаның жүйкесін әбден құртып біткеніміз айдан анық. Нұрлан мырза бұдан былай шығармашылықпен айналысқысы келетін болса, Нұрланды Құрылтайымызда, дос сүйінердей, дұшпан күйінердей етіп, арқасына шапанымызды жауып тұрып, алғысымызды жаудыруға тиістіміз.

Қоғамдық ұйымның басшысын оның мүшелері ғана сайлайды, бізге басшы сайлап беруге ешкімнің құқы жоұ!

Заң бойынша Құрылтайға дайындалуға Пленумнан кейін үш ай уақыт беріледі.

Сондықтан, Құрылтайымыз сәуір айыньщ ортасында өткізілсе заңға қайшы болмас еді. Қарқарадай Жазушьшар одағы мүшесінің бір жылға төленетін мүшелік жарғысы 1,5 (мың жарым) теңге болып белгіленгеніне де бірнеше жыл болыпты. Одақтан талай жазушы о дүниеге аттандырылып жатыр, отбасыларында әртүрлі жағдай болып қалғанда көмек алатын жазушыларымыз да бар. Бұдан бөлек апта сайын, ай сайын шығармашылық кештер, мерейтойлар, кітаптардың тұсаукесерлері, өзге де шаралар жетіп-артылады.

Биылғы жылдан бастап мүшелік жарна 5000 (бес мың) теңге болып белгіленсе деген ұсынысымды да талқыға салсаңыздар.

Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Үлкен құрметпен, жазушы,

Басқарма мүшесі

Бибігүл ИМАНҒАЗИНА.

«Қазақ әдебиеті»,

№6 (3588), 16 ақпан, 2018 ж.

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта