Арқасүйер

Өрімтал жасында адам киянатының құрбаны болып, денсаулығынан айырылған мүгедек әйел, ардақты ана, еменнің иір бүтағындай қайсар азамат, жазушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанынлағы демографиялық саясат және отбасындағы әйелдер мәселелері жөніндегі Кеңестің мүшесі,белгілі жазушы Бибігүл Иманғазинаны қоғам мүшелері «біздің асқар тауымыз, арқа сүйеріміз» дейді.

Тас маңдайлы тағдырдың таяғын мейлінше көп жеген мүгедек аналар қауымдастығының өз басшылары төңірегінде бүкпесіз сыр ақтаруы осынау әйелдің күйкі тірліктің кісісі еместігін аңғартқандай.

...Аялдамада ат шалдырып тұрған автобустың он қапталымен мүгедек арбадағы орта жастағы әйел өте берді. Тағдыр талғысымен арбаға танылған ана құдайдың басқа салғанына әбден көндіккен бе, жанынан таспадай жолдың жанын шығарып заулаған жеңіл көліктерден қалмайын дегендей қос қолындағы қос қозағышты сірестіре тартады. Әжім торлаған жүзі бұ дүниенің қызығынан безінген сынай танытқанмен әлденеге асығулы. Қанша құшырланғанмен арба біз мінген көліктердің сілемінде жоғалып қалды. Мүгедектікті адам құдайдан сұрап ала ма? Жанды жаралаған көрініс көпке шейін ұмытылмады. Бүгін бала тәрбиелеп отырған мүгедек ана­лардың «Бибі-ана» республикалық қоғамына сонау Алманиядан федералдық министр Клау­дия Нольте бастаған отбасы, қарт адамдар, әйелдер және жастар ісі жөніндегі федералдық министрлігінің делегациясы келуге тиіс болатын. Өз алдына шаңырақ көтеріп, мүгедек жан түгілі сау адамның өзіне қиын тиіп отырған заманда өлмес тіршілігін қаузап жатқан қоғам мүшелерінде дәл бүгін қуаныш мол еді.

Федералдық министрдің аяғы құтты болды, мүгедек ана­лар шаңырағында екі жастың отау көтеру тойы қоса өтіп жатты. Жайран қаққан қыздар мен қаршығадай сылаңдаған бозбалалар әзірлік қалпымен лыпып жүр. Пендеміз ғой. Тәні жаралы аналар осынау атты кісі түсіп қарайтындай сұлу бозбала мен бойжеткендерді ер көңіл қалыпта қалай тәрбиеледі екен деп ойлайсың. Бүгінгі заманның үрдісімен, талғаммен киінген сол жастар мүгедектерге арналған арбада мейірленіп отырған аналарының қасында қарақтап кояды.

– Шіркін, Бибі-ана-ай!, – деді салтанатқа шақырылған қонақтардың бірі шыдамай. – Сүйегі асыл тектінің тұяғы екенсін. Азаматтың азаматы әрең төтеп беретін бейнетті тәнің жа­ралы болсаң да мойныңа алып, ақыры жеңіп шықтың ғой. Енбегіннін зейнетін көр!

Бір мезетте Абай мен Мате Залка көшесі қиылысынан көрген мақаланың басында сөз болған арбалы мүгедек ана да жетті. Асыққанындай бар екен, федералдық министр Клаудия Нольте ханым бастаған министрлік өкілдері де табалдырықты аттады.

Оларды осы «Бибі-ана» қоғамының президенті, көрнекті жазушы Бибігүл Иманғазина қарсы алған. Қазақы дастархан басындағы сұхбат қоғам мен феде­ралдық министрліктің арасын жақындастыра түсті. «Бибі-ана қоғамының аз уақытта жеткен жетістіктеріне сүйсінген Клаудия ханым ризашылығын жасыра алмады, арада іскерлік байланыстың ірге тасы қаланғанын да сездірген.

Ақыл-көркіне парасаты сай Бибігүл ана қаракетсіз жерге аяғын баспайтын сұңғылы неміс әйелінің алды-артын қазақы қошеметпен орап, екі жакты байланыстың нық бекитініне журналистер мен қонақтардың көзін жеткізген. Өрімтал жасында қаскөйліктің қанды қақпанына түсіп, сүйегі бос адам мүжіліп түсетін жерден аяғына мінген Бибігүл Имантазинаның «Тауқымет» романын бір леппен қызыға окып шыкқан оқырмандарының бірі едік.

Дүние жүзіндегі өркениетті елдердің көш басшысына айналған мемлекеттің бір басшысымен терезесі тең сөйлесіп, аз уақытта сырлас досына айналып үлгерген қазақ әйелінің осынау биік пара­саты бізді тәнті етті.

Екі жакты байланыстан ол басқарған қоғамның ұтатыны көп. Тіршілік тауқыметімен бетпе-бет қалып, осы қиын сынға қабырғасы қайыспай қарсы тұрған қайсар әйел-аналардың өз басшыларына деген көңіл ықыласын ашық әңгіме байқатқан.

– Мүгедек болсақ та бұл өмірдің кереметіне тою қиын. Бала сүйдік. Ұрпағымызды көкірегі тайыздар алдында жасытпау үшін қоғам құрғанбыз, – дейді тәні жа­ралы Салиха Қайырбайқызы.

– Алғашқыда «Тауқымет»-«Невзгоды» деп атағанбыз. Құрамымыздағы Бибігүл Қабиқызының жасындай өткірлігі, адамгершілігі, қоғам жұмысын өз басынан биік қоятындығы қайран қалдыратын. Ақырында бәріміз жиналып, қоғамымызды – республикалык етіп қайта құрдық. Бір дауыспен сайлаған президентіміздің құрметіне «Бибі-ана» деген атау бердік.

Қоғамдық ұйым болғандықтан өз жағдайымызды бірлесіп өткереміз, республикамызға да пайдамызды тигізгіміз келеді. Қолымыздан келмейтін шаруа болса ғана үкіметке шығамыз, әйтпесе, тіршілігімізге өкпеміз жоқ.

Соңғы төрт жылда толайым табыстарға жеттік. «Бибі-ана» қоғамы – мүгедек аналардың өзін еркін сезініп, жылылық пен үмітке бөленіп ертеңгі күнге сеніммен қарауына күш беретін шаңырағы. Тас тағдыры төбесін жауып қап, жанды да, тәнді де сыздатқан сонау зарлы күндер артта қалды. Қоғам тірлігі бойымызға нәр құйып, өзіміздің «мінімізді» айта алсақ ол бір адамға байланысты. Бибі-ананың тәні жаралы болса да рухымыз күшті екендігі, біздерді тағдыр талқысына ешқашан тастамайтындығы көңілімізді өсіреді.

Мұнда қазір отбасылық дәстүр қалыптасқан. Осы шаңырақта мектепке енді аяқ басып жатқан бүлдіршіндерге арнап дастархан жаямыз,ақ батамызды береміз. Жоғары оқу орнына түскен балаларымыздың қуаныш тойын атап өтеміз. Қазір әр мүгедек-ана отбасында үйде отырып істейтін жұмысы бар. Қаржы жағынан аландамайды. Бүған «Бибі-ана» қоғамы рухани көмек пен қатар қаржылай, тауарлай түрде үнемі көмек беріп отыратынын қоссаңыз, өзге қоғамдардай ертеңгі күнге аландайтындай ретіміз жоқ.

Салиха анадан естіген әңгімемізді өзге қоғам мүшелері де жандандыра түсті. Барлап қарасақ басшысы келіскен жерде оңтайынан келмейтін шаруа болмайды екен. Күні кеше әр басшының табалдырығын тоздырып, жүйкесі қысқа күнде қырық түтілетін жарымжан аналар басына іс түссе жер бауырлап өксіп жатып қалмайды, өз коғамына келеді. Өз тағдырына мойынұсынған олардың ең үлкен үміті – ұрпағын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмау десек, біз сөйлескен Бибі-ананың балдырғанды көлденең көк аттын тепкісіне беретін түрі байқалмайды. Жайшылықта әзілдесіп жайдары жүретін жан түптеп келгенде осы қоғам мүшелерінің балалары үшін неге болса да басын тіккен адам екен, керек жағдайда бюрократ басшылар койған тосқауылдың түте-түтесін шығаратынын аңдадық. Сондықтан болар, мүшелерінің өздерін қамсыз сезінетіні.

Адамның бір қызығы – бала болса, қоғам өз алдына осы жеткіншектерді тәрбиелеу мен алдағы тағдырының дұрыс өрілуіне жауапкершілікті мойнына алған. Жаздын ми кайнатар ыстығы көп адамды жан тыншытар сабат іздеуге мәжбүр етсе, мектеп түлектері мен Бибігүл Қабиқызы тыншым таппайды. Жарымжан аналардың балаларын, қабілет-қарымына қарай жоғары оқу орнына түсуін, степендия және тағы басқа жеңілдіктерді алуын қадағалап іс басында жүреді. Мұндай күндері қоғам президентінің бос уақытын табу қиын. Өйткені, жастайынан өмір көріп өскен түлектердің көбі жақсы оқиды, таланттылары да жетерлік. Қанша ақтаймыз десек те, жоғары оқу орнына қабылдар кезде қалтаға көбірек қарақталатынын ешкім жоққа шығара алмас. Жеткіншектердің де тұйыққа тірелетін жері осы, сонда да барлық қоғам мүшелері отты да қажырлы Бибі-анаға сенеді. Сонғы үш жылда жоғары оқу ор­нына қоғам жәрдемімен 48 талапкер қабылдануы осындай игі жұмыстардың жемісі болса керек.

Өмір ағысы бір қалыпта тұрмайды. Ұзаққа созылған науқас, кенеттен, кездескен кесел жарымжан аналардың кейбірін ана дүниеге әкетіп жатады. Қоғам ондайда отбасында қалған баланың бағымын, тәрбиесін өз мойындарына алады.

Бұл – «Бибі-ана» қоғамының өміршендігі мен міндетті түрде керектігінің бір мысалы ғана.

Пекинде әйел-ана тағдыры жөнінде өткен төртінші бүкіл дүниежүзілік конференцияға делегат болып қатысып, Қазақстан жағдайындағы аналардын проблемаларын көтерген Бибігүл Қабиқызы туралы қоғам мүшелерінің айтқанын ой елегінен өткізе келе отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, асыл туған жан ба деп қалдық. Ертегінің бір мысалын материалымызға пайдалансақ та жарымжан аналар мен олардын балаларының үлкен үміті болып отырған осынау абзал жүректі ана қасиетін беруге бәрі аздық етер еді-ау. Төрт қабырғадан асып тірлік істеуге, қанаты қайырылған аналарға лайықты жұмыс тауып беріп, балаларын қоқыс-көндерді кезіп, нәпақа іздеуден құтқарған, жаман жолға түспеуіне басшылық жасап отырғаны қоғам атына қалай айтсаңда бәрі сияды. Қажет болған жағдайда лауазымы биік адамдардың, қалтасы қалың мырзалардың алдына Бибі-ана сауға сұрап барса, өзі үшін емес осындағы барлық аналардың қамы үшін емес пе?! Кеңселерін өзгелермен тең сөйлесу үшін бүгінгі күн үлгісімен жабдықтап, өркениетті ел өкілдерімен берік қатынас орнатуға талпынуы бұл қозғалыстың тамырын тереңге жібергенінің хабаршысы болса керек. Мемлекетіміздегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың тұрақсыздығы мүгедек аналарды айналып өтпейді. Зейнетақы қалыпты өмір сүру дәрежесінен үнемі қалып келеді. Нарықтық тұрмыс бұрын жеңілдікпен пайдаланып келген, қызметтің қарымын тұсап, тұрғын үй, дәрі-дәрмек сияқты бұрыннан өткір мәселелерді шешу қиындап барады. Жаңа жағдайға сәйкес жарымжан жандарға мамандық үйрету жүйесіне едәуір қаржы, қамқорлық керек.

Бибігүл Кабиқызының жарғақ құлағы жастыққа тимейтіндігінің бір себебі осы. Қоғам мүшелері қазіргідей қиын жағдайда өкіметіміздің шектен тыс тойшыл болып алғанына қынжылады. Аста-төк қисапсыз сойылған мал, есепсіз төгілген каржы, жыршы-тойшыға алды темір көлік боп тартылған тарту-таралғы жандарын жейді-ақ.

– Аталарымыздың әруағы риза болсын, бірақ сол кісілер осынау былапытты көзі көргендей болса халқына қара нан жегізіп отырып, той тойлаған басшыларды кешпес-ау. Тастай алмай жүрген қаржысы болса сауабы тисін деп жетім, жесір, кембағалдарға бермей ме, – дейді жаны күйінген бір ана.

Біз не уәж айта аламыз. Мерейтойға жүмсалған қаржы демеушілерден, халықтан жиналды десе де шынайы тағзым етуден гөрі бәсекеге, жеке мүддеге айналып бара жатқан тойдың қарапайым халық арасында реніш туғызып жүргені айқын. Біреуге жан, біреуге мал қайғы болған заманның бағасын беретін де сол халық, асып қайда барайық.

Біздің сүйсінгеніміз республикадағы бала өсіріп отырған мүгедек – аналардың нарық сілемінде жұтылып қалмай, қоғамдасып тірлік кешіп отырғаны. Әділетсіздік атаулыға қарсы тұрып, олардың құқын әлемдік аренада да қорғай алатын, ортақ балалары­нын табанына кірген шөгір мандайыма қадалсын деп жүрген Бибі-анадай қайсар президентінің барлығы қандай қуаныш.

Бұл жарық дүние осындай жақсы азаматтарының молдығымен нұрлы екен-ау!

24 тамыз, 1996 ж.

«Жас Алаш»

Бақтияр ТАЙЖАН.

 

"БИБІ-АНА" қайырымдылық қорының мекен-жайы:
050059 Алматы қаласы, Самал-3, дом 22,кв.5
Телефондары: (727) 262 86 15; 39 00 737; 7+ 701 714 93 24
e-mail: bibi.imangazina@mail.ru
карта сайта