Жамбыл облысынан 375 мүгедек әйел Президент Нурсұлтан Назарбаевқа хат жолдады. Әрқайсысы 10 жасқа дейінгі балаларын асырап отырған бұл әйелдер жергілікті «Бибі-ана» қоғамына бірігіп отыр.
Олар мемлекет басшысына және облыс әкіміне өздерінің отбасыларына көрсеткен игі көмегі үшін шын жүректен алғыс айтады. Бізге қаншалық қиын болғанымен, деп атап өтілген хатта, біз өз балаларымызды балалар үйіне бермедік. Бізді олардың білім алуы, одан кейінгі өмірі толғандырады.
Жамбыл әйелдері Президенттің «Болашақ» бағдарламасын тұтасымен қолдайды. Өйткені бұл бағдарлама Қазақстан жастарының шетелде оқуына мүмкіндік беруде, оның республикамыздың беделін көтеруде де үлкен маңызы бар. Сіздің қызметіңіздің арқасында, деп атап көрсетеді хат иелері, әлем қазақ халқын шын танып білді. Олар Н.Назарбаевқа бұл үшін шын жүректен ризалық білдіреді.
Олар Президентке өзінің қиын жұмысында жаңа табыстар тілейді. Нұрсұлтан Әбішұлы, делінген хатта, біз сіздің елдегі тұрақтылық пен татулықты нығайтуға, Қазақстанның барлық азаматтары үшін игілік әкелуге бағытталған қызметіңіздің жемістерін өзіңізбен бірге көргіміз келеді.
14 тамыз, 1997 ж.
«Егеменді Қазақстан»