АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!
Қойын-қонышы дүрбелеңге толы 2018 жыл да тарих қойнауына кетуге таяу.Өткен жылға -қанағат, келер жылға-салауат.«Ана тілі» басылымы алдағы жылы өзінің төл оқырмандары үшін жаңа жобалар мен тың идеяларға толы ақпарат алаңын одан сайын айшықтауға күш салуда.
«Балапан санайтын шақ»та келді.Байтақ Қазақстанның төрт тарабындағы оқырмандар қатары артады деген сенім басым.
Қазақтың қайсар қызы,көрнекті жазушы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,«Құрмет»орденінің иегері,қазақтың Тереза анасы,Бибі-Ана деген есімдерімен жұртшылыққа таныс, Республикалық «БИБІ-АНА»қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті Бибігүл Иманғазина алыс аймақтағы екі жүзден астам мүгедектерге «Ана»тілі газетіне жаздырып бергені үшін алғыс айтамыз.
«АНА»ТІЛІ ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ.