Бибігүл Иманғазина, «БИБІ-АНА»қайырымдылық қорының президенті,жазушы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
«ҚАЛАМ СЫЙЛАҒАНДАР ДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫМ ДЕП ЖҮР»
-Бибігүл Қабиқызы,қазіргі таңда биліктегі өзгерістерден бөлек,мемлекет тарапынан көабалалы аналар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіліп жатыр.Десек те,21000 теңге сол аналар мен балалардың жағдайын қамтамасыз ете ала ма?
-Көпбалалы аналар мәселесі расымен де өзекті тақырыпқа айналып отыр.Тіпті, «жағдайы жоқ болса,баға алмаса неге дүнинге әкеледі» деген сынға ұшыраған бүгінгі көпбалалардың жайы қиын.Мемлекетті осы тұста түсіну қиын,адам саны керек кезде 18 миллионға жеттік деп ауыз толтырып айтады да,жәрдемақы төлеуге келгенде,басқаша сөйлейді.Әйтсе де,демографияны көтеріп жатқан олардың түйсігіндегі жағдайы төмен «кедейлер»емес пе?Дүнияларын қайда шашарын білмей жүрген байлардың қайсысы алты-жеті балалары бар?Осы орайда неге себеп іздемей,тығырықтан шығар жол іздемейміз?!
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік шараларға келсем,бүгінде мүгедек болсаң адам қатарына кіргізбейтін,ойыңмен санасқысы келмейтіндер көбейіп барады.Менің көтеріп жүрген ең өзекті мәселем де осы.Неге мүгедектер соңғы сорттағы адамдар қатарында болуы керек?!Мысал ретінде Рузвельтті айтсам,ол іштен екі аяғы жоқ мүгедек болып туылған адам.Жиырма жыл бойы алып АҚШ-тың президенті болды.Ол кісінің әділеттілігі,тазалығы сондай,халық өзі бір ауыздан,ешкім қарсы шықпай таңдады,құрметтеді.Сол себепті егер мемлекетте әділеттілік,шындық,қайырымдылық,жан тазалығы болғанда ғана нағыз мемлекет бола алады.Әрине,көпбалалы аналарға,мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатқанын жоққа шығармаймын,тек тереңнен қаралып,айрықша көмек көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді.
-1992 жылы «БИБІ-АНА» республикалық мүгедек аналар Қоғамын құрдыңыз.Сол уақыттағы Сізге деген,бастап жатқан жұмысыңызға деген жақындарыңыздың достарыңыздың көзқарастары қандай болды?
-Қайырымдылықты бала кезімнен естіп емес,көріп өстім.Әкем прокурор болатын.Ал анамның әрдайым аяқ машинасы дайын тұратын.Үйге қонақ елмей қалса,отыра қалып,балалр үйіне киім тігетін.Сол кезде Украинадан,Беларуссиядан,Ресейден балалар кө келетін.Әлі есімде,сап-сары сатин деген матадан қыздарға етегі бүрмелі көйлек,ұлдарға ақсұптан қисық жағалы көйлек тігетін.Оған қоса тамақты молынан пісіріп, бізді қасына ертіп алып,балалар үйіне баратын.Біз келе жатқанда балалар алдымыздан шығып,анамды қаумалап алатын.Міне,біз осыны көріп өстік.Қайырымдылық десе ішкен асымды жерге қоятыныма ата-анамның тәрбиесі дәнекер болды десем еш қателеспеймін.Біз орысша сөйлеп өстік,құдайдың бар екеніне сенбедік.Алайда,Жаратушы оған да сендірді.Осы күнге дейін талай отаны басымнан өткіздім,бүгінде денсаулығым жаман емес,шұкір етемін.Осы күнге шейін аман келе жатқаным қайырымдылықтың түбіндегі алғыста жатыр.»Жасың келгенде мүгедек адамдарға көмектесіп не қыласың,солардан не қайтады?»дейтіндер де аз емес.Оларға «Пайда табу үшін,біреуді тәуелді ету үшін жасалатын қайырымдылықтың қайыр ым болмайды»деп жауап беремін.Тағы «Жұрт бір қалам берсе де теледидардан айтқызады,сіздің атқарып жатқан жұмыстарыңыз өте көп қой,неге жария етпейсіз?»дейтіндер де бар.Қазақта «сол қолыңның бергенін оң қолың көрмесін»дейтін жақсы сөз бекерге айтылмаған болу керек.Осы тұста Қоғамқайырымдылық деген дүниеге сенбей қалған ба деп те қынжылатыным бар.
-Қазіргі құрылып жатқан қайырымдылық ұйымдарына,олардың атқарған жұмыстарына көңіліңіз тола ма?
-Менің ойымша қайырымдылықпен пейілі кең,жүрегі жомарт,шынайылықты сүйетін жандар айналысады.Иә,бүгінде қайырымдылықпен айналысып жүрген бірқатар ұйымдар,адамдар бвр.Бар тілегім,олар не жасаса да шын көңілмен жасаса игі болар еді.Себебі,қазір көп адамдар біреуге жақсылық жасап, көмегін тигізсе сол адамды тәуелді етіп алады. Ол дұрыс емес.Сол себепті,қайырымдылықпен айналысатын жандарға айтар ақылым,10 адамның барынша аяққа тұруына көмек көрсетсеңіз,сол сіз жақсылық жасаған адам оны әрі қарай дәл сіз сияқты кем дегенде 10 адамға қол ұшын созса,міне,осы «Қайырымдылық» деп аталады.
Сондай-ақ,адамдар арасында тәуелділік жойылса екен деймін.Тіпті,анасы мен баласының арасында тәуелділік болмауы қажет.Ана деген баласын шексіз сүйгендіктен,аналық махаббатының арқасында бар жақсылықты жасайды.Ешуақытта оның қайтарымын баласынан сұрамайды.Ештеңенің де қайтарымын күтпей,тек Алланың разылығ үшін қарекет ету керек.Көп жағдайларда бұл қағиданы қанша айтсаң да бәрі бірдей түсіне бермейтіні өкінішті.Қазақтың әр мақалының мән-мағынасы тереңде,сол секілді «Санасызға сан айтсаң да болмайды», «Болмайтынға болыспа» демекші санасыз болмасақ екен.Ең бастысы қайырмдылық жолында адамшылықтан озбайық дегім келеді.
-Өзіңіз білесіз,Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп ариялады.Бүгінгі қазақ жастарына деген айтар тілегіңіз,лебізіңіз?
-Қазіргі қазақ жастарының болашағын уайымдайтыным бар,әрине.Жақыныңнан сатқындық күтетін қиын заман болды ғой.Еліміздегі біршама өзгерістер орнығып,бәрі ретіне келсе,Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенемін.Тек қана жастарымыз еліктеушіліктен бойларын алыс ұстап,қыздарымыздың қазақи қылығы мен ержүрек жігіттеріміздің намысшыл қасиетінің қаймағы бұзылмаса деймін.
Қазақтың жалынды жастарының алар асуы қашанда биікте болатынын мен әрдайым айтамын.Себебі,оларды қолдап,демейтін кешегі Алаш ардақтыларының,ұлы даналарымыздың жігерлі рухы.Оған мысал ретінде Қазақ елінӘр адам бақытты сезінуге лайықты.Бастысы деніміздің саулығы ғой, әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергенов сынды талантты баламызды айтсақ болады.Жастарға айтар тілек-лебізім,тек «Жастар жылында» ғана емес,әрқашан еліміздің даңқын асқақтата беріңіздер!Өсе беріңіздер,өне беріңіздер!
-Сұхбатымызды қалай түйіндер едіңіз?
-Бұл өмірде адамға қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ! Әр адам бақытты сезінуге лайықты.Бастысы денімздің саулығы ғой.Ен»деше еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын! «Заң газетінің»ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып,қаламдарыңыз қарымды болсын деймін!
-Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Ақерке Сабырқызы
Шынар Төлеухан
«Тұрауниверситетінің студенттері